БЕКІТЕМІН
Батыс Қазақстан облысының әкімі
__________________ Н.Төреғалиев
«_____» тамыз 2024 жыл
Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиевтың Теректі ауданы халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. |
КСРО халық әртісі, қазақтың опера әншісі Роза Үмбетқызы Жаманованың есімін саз мектебіне беру жөніндегі ұсынысты жергілікті қоғамдастық жиналысында қарау |
2024-2025 жж. |
Қ.Е. Меңдіғалиев Теректі ауданының әкімі ББ Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы |
|
2. |
Теректі ауылындағы ауыз судың мөлшерін көбейту және сапасын жақсарту мәселесі |
2024-2025 жж. |
Б.Х.Нарымбетов Теректі ауданының әкімі ҚұрБ ҚБ |
|
3. |
Ауылдық елді мекендердегі электр желілерін кезең-кезеңмен жөндеу мәселесін пысықтау |
2024-2028 жж. |
Б.Х.Нарымбетов ЭжТҮКШБ Теректі ауданының әкімі |
|
4. |
Теректі ауылының ауылішілік көшелерін күрделі жөндеу |
2024-2027 жж. |
Т.Е.Каюпов ҚБ Теректі ауданының әкімі ЖКжАЖБ |
|
5. |
Теректі аудандық жер комиссиясының құрамын қайта қарау туралы келіп түскен ұсынысты қарау және қабылданған құжаттың заңдылығына баға беру |
2024-2025 жж. |
К.Ш.Айтмұхамбетов ЖқБ Теректі ауданының әкімі |
|
6. |
Ақжайық ауылындағы Бейбітшілік және Насимуллин көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарының барысы және жұмыс сапасын тапсырыс беруші, техникалық қадағалау өкілі және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен қадағалау мәселесін пысықтау |
2024-2025 жж. |
Т.Е.Каюпов ЖКжАЖБ Теректі ауданының әкімі |
|
7. |
«Барбастау-Индер» облыстық маңызы бар жолда пайда болған шұңқырларды жөндеу және жол жиектерін ағаш, шөптерден тазалау жұмыстарын жүргізу, қосымша жол белгілерін орнату, қыс мезгілінде жолды күтіп-ұстау мәселесін пысықтау |
2024-2025 жж. |
Т.Е.Каюпов ЖКжАЖБ ПД Теректі ауданының әкімі |
|
8. |
Ақжайық ауылындағы 2-аудандық ауруханасы қабылдау бөлмесінің жұмысын ретке келтіру мәселесі |
2024-2025 жж. |
Б.Х.Нарымбетов ДСБ Теректі ауданының әкімі |
|
9. |
Ақжайық ауылына дене шынықтыру кешені құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтау |
2024-2027 жж. |
Т.Е.Каюпов ҚБ ДШБ ҚұрБ Теректі ауданының әкімі |
|
10. |
«Ақжайық санаториясы» ауылына жаңа мектеп салу мәселесін пысықтау |
2024-2027 жж. |
Қ.Е. Меңдіғалиев ББ ҚұрБ ҚБ Теректі ауданының әкімі |
|
11. |
Республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жүк көліктерінің жүруіне заң аясында шектеу қою мәселесін қарастыру |
2024-2025 жж. |
Т.Е.Каюпов БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы ПД |
Аббревиатура:
ДСБ - денсаулық сақтау басқармасы
ББ - білім басқармасы
ҚұрБ - құрылыс басқармасы
ЖКжАЖБ - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
ЭжТҮКШБ – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
ПД - БҚО полиция департаменті
ҚБ - қаржы басқармасы
ДШБ - дене шынықтыру және спорт басқармасы
ЖқБ-жер қатынастар басқармасы