2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес және «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығы негізінде Батыс Қазақстан облысының аумақтық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Аудандар мен Орал қаласының аумақтық референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.