Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі №134 «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 «Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі №134 «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Ш.Айтмұхамбетовке жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                          Н.Төреғалиев

 

Қаулы қосымшасымен бірге
Дата публикации
28 февраля 2024