Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы №131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы №131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2,
3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

 

Н. Төреғалиев

 

 

 

 

 

Қаулы
Дата публикации
28 февраля 2024