Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы 31 наурызда №20209 тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2024 жылға тыңайтқыштардың (органиқалық тыңайтқыштарды коспағанда) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2024 жылға тыңайтқыштарды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.