Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 шілдедегі
№12-3 «Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28763 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.