Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Облыс әкімі Н. Төреғалиев