2024 жылға тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн сайлауда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердiң әкiмдерiне кандидаттардың жергілікті бюджеттен өтетiн шығыстарының мөлшерiн белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсыну үшін мемлекеттен бөлінген қаражат шегінде баспа және/немесе интернет-басылымдардағы, теле- және радиоарналардағы жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.