"Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Конкурсты өткiзу тәртiбi
1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;
2) барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс;
3) жалпы конкурс.
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
3) мемлекеттік органның конкурс комиссиясын немесе бірыңғай конкурс комиссиясын құру;
4) конкурсқа қатысушылар құжаттарының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген) бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары), жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына, сондай-ақ Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестiгiн қарау;
5) кандидаттармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
6) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.
3-тарау. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
Бірыңғай конкурс комиссиясының төрағасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша тағайындалады.
Бірыңғай конкурс комиссиясының төрағасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша тағайындалады.
Бұл ретте, конкурс комиссиясы А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, B-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, С-R-2, С-R-3, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, E-1, E-2, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттардағы бос лауазымдарға орналасуға кандидаттар үшін сондай-ақ Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуге арналған сұрақтар тізбесін қалыптастырады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 22.12.2017 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
4-тарау. Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
1-параграф. Ішкі конкурс туралы хабарландыру
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық пошта мекенжайлары;
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
5) осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны.
2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
Конкурс комиссиясының мүшелерi шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде конкурс комиссиясымен шешімді қабылдау күннен кейін бір жұмыс ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
Конкурсқа (-тарға) қатысатын және бос лауазымға (-дарға) орналасуға (оның ішінде екі және одан көп лауазымдарға) арналған әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған үміттенген бос лауазымға (-дарға) байланысты сұрақтар қойылады және осы Қағидалардың 54 және 91-тармақтарымен белгіленген жағдайларда конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне ғана эссе жазады.
Бос лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар тең көлемде қойылады.
Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.
Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-тарау. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Егер бос лауазымдар басқарушы емес болса, немесе тар шеңберде мамандырылған болса, немесе мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының C-R, Е, E-R және E-G санаттарына жатқан жағдайда мемлекеттік орган Заңның 29-бабы 2-1-тармағына сәйкес барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты өткізбестен, жалпы конкурс өткізе алады
6-тарау. Жалпы конкурс
1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасындағы ішкі конкурс, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасындағы конкурс өткізу туралы мәліметті қамтитын;
2) ішкі конкурстардың конкурс комиссияларының қорытынды отырыстарының хаттамалары.
Мемлекеттік орган осы тармақта көрсетілген құжаттарды тапсырмаған немесе толық емес тапсырған жағдайда, сұрау және қоса берілген құжаттар уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен олар түскен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде қарастырусыз қайтарылады.
1) жалпы конкурс өткізуге келіседі және тиісті хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
2) келiсуден бас тартады.
1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру
Орталық мемлекеттік органның ведомстволарында және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органның интернет-ресурсында да жарияланады.
Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландыруларды Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға жол беріледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға жол беріледі.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
5) осы Қағидалардың 76 немесе 78-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш пен қызметтік тізімнің нысаны.
2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Осы Қағидалардың 76 және 78-тармақтарында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес айқындалады.
3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
Конкурс комиссиясының мүшелерi шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде конкурс комиссиясымен шешімді қабылдау күннен кейін бір жұмыс ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
Конкурс комиссиясы жеке қасиеттерді бағалау нәтижелерін ескереді.
Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы
Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Конкурс комиссиясының мүшелерi шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
7-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы
Конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындала алады.
Мемлекеттік орган жарияланған лауазымға мемлекеттiк қызметке алғаш рет кірген немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кірген азаматтарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олардың құжаттарын ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеруді жүргізу үшін жолдайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілде № 784 қаулысымен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.
8-тарау. Шағым жасау тәртiбi
Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
Байқаушыға жадынама
Байқаушының:
конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;
олармен әңгімелесуге қатысуға;
әңгімелесу өткізу рәсімі туралы ол аяқталғаннан кейін өз пікірін білдіруге;
әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;
конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.
Байқаушы:
конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялай алмайды;
әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі жасай алмайды;
конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесе алмайды;
конкурс комиссиясының мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер ете алмайды;
нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы жария бағалай алмайды немесе пікірін білдіре алмайды.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
_____________________________________________ |
|
|||||
|
_____________________________________________ |
||||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||||
|
1. |
Туған күні және жері/ |
|||||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша)/ |
|||||
|
3. |
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ |
|||||
|
4. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|||||
|
5. |
Шетел тілдерін білуі/ |
|||||
|
6. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|||||
|
7. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|||||
|
8. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|||||
|
9. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ |
|||||
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||||
|
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации |
|||||
|
қабылданған/ |
босатылған/ |
|||||
|
_____________________ |
_______________ |
|||||
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
Кандидатты бағалау парағы (басқарушы лауазымдар үшін)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)_______________________
2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________
3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________
|
Өлшем |
Балл * |
|
1-сұраққа жауап (бейінді) |
|
|
2-сұраққа жауап (ситуациялық) |
|
|
3-сұраққа жауап (уәждемелік) |
|
|
4-сұраққа жауап (Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу)** |
|
|
Эссені жазу |
|
|
Кәсіби тәжірибе |
|
|
Білім деңгейі |
|
|
Басқару дағдылары |
|
|
Коммуникативтік дағдылар |
|
|
*** |
|
|
Барлығы |
Ескертпе:
* 0-ден 5 баллға дейін қойылады
** "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 24-тармағында көрсетілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қолданылады
***қосымша өлшем мемлекеттік органмен қажет болған жағдайда дербес айқындалады
1-сұраққа жауап (бейінді):
0 балл – кандидат сұраққа жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар
3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы меңгерген
5 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген
2-сұраққа жауап (ситуациялық):
0 балл – кандидат жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады
3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады
5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды
3-сұраққа жауап (уәждемелік):
0 балл – кандидат жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ
3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген
5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған
4-сұраққа жауап (Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу)
0 балл – кандидат сұраққа жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары туралы жалпы түсінігі бар
3 – 4 балл – кандидат Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жақсы меңгерген
5 балл – кандидат Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын толығымен меңгерген
Эссені бағалаудың параметрлері (100 (жүз) сөзден кем емес):
0 балл – кандидат эссені жазған жоқ немесе тақырыбын ашып жазған жоқ (мәселені білмейтіндігін көрсетті)
1 – 2 балл – кандидат эссе тақырыбын жартылай ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі және түсінігі бар)
3 – 4 балл – кандидат эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы ауқымды білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың өте жақсы деңгейі бар)
5 балл – кандидат эссе тақырыбын толығымен ашты (тиісті сала туралы терең білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың жоғары деңгей бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады)
Кәсіби тәжірибе:
0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ
1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
4 балл – үш жылдан бес жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі бес жыл және одан астам
Білім деңгейі:
1 балл – білімі сәйкес келеді
2 балл – тиісті саладағы магистр
3 балл – тиісті саладағы PhD доктор
4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар
5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар
Басқару дағдылары:
1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылға дейін
2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылдан төрт жылға дейін
3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі төрт жылдан бес жылға дейін
4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі бес жылдан алты жылға дейін
5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 6 жыл және одан астам
Коммуникативтік дағдылар:
0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді
1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді
2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді
4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.
Кандидатты бағалау парағы (атқарушы лауазымдар үшін)
Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)____________________________
2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ___________________________
3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ___________________________
|
Өлшем |
Балл * |
|
1-сұраққа жауап (бейінді) |
|
|
2-сұраққа жауап (ситуациялық) |
|
|
3-сұраққа жауап (уәждемелік) |
|
|
Кәсіби тәжірибе |
|
|
Білім деңгейі |
|
|
Коммуникативтік дағдылар |
|
|
** |
|
|
Барлығы |
Ескертпе:
* 0-ден 5 баллға дейін қойылады
** қосымша өлшем мемлекеттік органмен қажет болған жағдайда дербес айқындалады
1-сұраққа жауап (бейінді):
0 балл – кандидат сұраққа жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар
3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы меңгерген
5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген
2-сұраққа жауап (ситуациялық):
0 балл – кандидат жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады
3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады
5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды
3-сұраққа жауап (уәждемелік):
0 балл – кандидат жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ
3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген
5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары үйлесімді, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған
Кәсіби тәжірибе:
0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ
1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
4 балл – үш жылдан бес жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі бес жыл және одан астам
Білім деңгейі:
1 балл – білімі сәйкес келеді
2 балл – тиісті саладағы магистр
3 балл – тиісті саладағы PhD доктор
4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар
5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар
Коммуникативтік дағдылар:
0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді
1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді
2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді
4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.