Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2022 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысының нәтижесі туралы ақпарат

 

 

2022 жылдын 2 тоқсанында 1 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара өткізіліп, аудитпен 95,7 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 52,0 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1,7 млн.теңге қаржылық, 50,3 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектісіне облыс әкімінің бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы 1 шешімі тиісті шара алу үшін жолданды. Шығарылған ұсынбалар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментіне әкімшілік жауапкершілігі белгілері бар бұзушылықтары бойынша 1 мәлімет жолданды: мемлекеттік сатып заңнамасын бұзу туралы – 2 факт, бухгалтерлік есеп жіне қаржылық есептілік заңнамасы – 1 факт.

            Аудит объектісінде келесі заңнамалардын бұзушылықтары және кемшіліктері анықталған:

  • жергілікті мемлекеттік басқару;
  • мемлекеттік сатып алу;
  • бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік;
  • мемлекеттік мүлік туралы.

Аудитпен  анықталған бұзушылықтардын негізгі себептері, бөлімше басшыларының тарапынан тиісті қадағалаудын және жұмысты ұйымдастырудағы жіберілген қателіктері, аудит объектісінің лауазымды тұлғалары  біліктіліктерінің төмендігі, ішкі қадағалау жүйесінің әлсіреуі болып табылады.

Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық тәртіпті, мемлекеттік сатып алу заңнамасын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін үнемі оқып білуге, қызметтік және өндірістік талаптарды орындауға бағытталған тиісті шараларды алу жөнінде ұсынымдар берілді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтарының белгілері бар материалдарды қарау қорытындысымен мемлекеттік сатып алу, бұрмаланған қаржылық есептілік құру фактілері бойынша 4 лауазымды тұлға 390,6 мың теңгеге әкімшілік жауапкершіллікке тартылды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар тіркелмеді.

 

ІАҚ

Дата публикации
05 июля 2022