Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңынбасшылыққаалаотырып, облыс әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Шаруа қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чеботарев ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскелерінде «Рожковское» кен орнында пайдалы қазбалар табылуына (газ конденсаты) және оларды өндіруге мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2022 жылдың 21 қыркүйегіне дейін болып белгіленсін.
  2. Бәйтерек ауданының әкімдігі меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны заңнама талаптарына сәйкес жолдасын.
  3. Меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін мемлекет мұқтажы мақсатында алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 137 ғимаратындағы «Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
  4. Бәйтерек ауданы әкімдігі аталған қаулының қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде облыс пен Бәйтерек ауданы әкімдіктерінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Утегуловқа жүктелсін.

 

         Облыс әкімі                                                Ғ.Есқалиев

 

 

Облыс әкімдігінің

2022 жылғы «____» _____№____

қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскесінің тізбесі

 

№

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер учаскесін пайдаланушының) тегі, аты, жөні (аталуы)

Жер учаскесінің көлемі, га

Алқап түрі

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

1

«Лихачева Е.В.» шаруа қожалығы

10,5

егістік

08-118-068-056

Бәйтерек ауданы, Чеботарев ауылдық округі

 

 

Согласовано

17.05.2022 19:26 Хайрушева Света Уринбаевна

17.05.2022 19:33 Ашикпаев Жуматай Имангалиевич

17.05.2022 19:39 Рахметова Гулзада Жардемовна

17.05.2022 20:52 Шыныбеков Абат Абаевич

17.05.2022 21:15 Утегулов Арман Каримович

18.05.2022 09:59 Айдынгалиев Медет Гильманович

30.05.2022 10:48 Мухамбетжанов Азамат Ермекович

Подписано

30.05.2022 11:22 Искалиев Гали Нажмеденович

Дата публикации
03 июня 2022