Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 106 «Жергілікті бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 «Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17522 болып тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 106 «Жергілікті бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5649  тіркелген, 2019 жылы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығындарға қаражат бөлу облыс (аудан, облыстық маңызы бар қала) әкімімен бекітілген Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) негізінде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. Облыс (аудан, облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілген жылдық жоспарды жасақтайды.»;

«3-2. Жыл ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде күтпеген іс-шараны өткізудің және / немесе бөлінген қаражат көлемін ескере отырып жоспар түзетіледі.»;

көрсетілген қаулымен  бекітілген өкілдік шығындардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Т.Е.Каюпов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.А. Нұралиевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
21 июля 2021