Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№20209 тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 бірлікке (литр, килограмм, грамм, дана) арналған субсидиялар нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021 жылға пестицидтерді, биоагенттерді (этномофагтарға) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемі бекітілсін.
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы
№121 «2020 жылға пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№6263 тіркелген, 2020 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) және 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №211 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы №121 «2020 жылға пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6384 тіркелген, 2020 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Вице-министр
_________Р.Манатаев
4 ақпан 2021 жыл