2021 жылға тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы 31 наурызда №20209 тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға тынайтқыштардың (органиқалық тынайтқыштарды коспағанда) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тыңайтқыштарды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №58 «2020 жылға тынайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6113 болып тіркелген) қаулы күші жойылды деп танылсын.
  2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
  3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж.Халиуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
21 июля 2021