Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен толыұтыруларға байланысты «2021 жыл 24 мамыр» үстіміздегі жылдың 25 маусымында 9 ауданның 31 округінде аудандық аумақтық сайлау комиссиялары ауыл әкімдерін сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.
Сайлауға байланысты іс шаралар 25 маусым мен 25 шілде аралығында өтеді. Сайлау 25 шілдеге тағайындалды. 31 ауылдық округі әкімдерінің 26 өкілеттігі аяқталады, 5 кезектен тыс өткізіледі. Сайлау Шыңғырлау, Тасқала, Жәнібек аудандары және Орал қаласында өтпейді.
Қазіргі таңда бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды.
Сайлау комиссиясы мүшелерінің тізімі мен сайлау учаскелерінің шекаралары және аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын әзірлеу мен өткізу мақсатында сайлау комиссия мүшелерімен және сайлау процесіне қатысатындармен 9 маусым күні оқыту семинар өткізілді.
26 маусымнан 9 шілденің 18:00 сағатына дейін кандидаттарды ұсыну жұмыстары аяқталып барлығы 93 кандидат ұсынылды оның ішінде 40 немесе 43% саяси партьиялармен , 53 –өзін-өзі ұсынғандар.
2 Орташа бәсекелестік – 3 адам. Ең көп кандидат – бір округке 4 адамнан –9 округте Байтерек ,Бөрлі,Жаңақала,Казталов аудандарында. Екі кандидаттан 9 округте . Соның ішінде саяси партиялармен 28 сайлау огругі бойынша ұсыну болған ,атап айтсақ Nur Otan партиясынан – 25, Ауыл партиясынан -5 , Ақ жол партиясынан – 1, ADAL партиясынан – 5, ҚХП – 3, ЖСДП -1.
18 сайлау округінде бір саяси партия ұсынылды. 6 сайлау округінде екі және екіден көп саяси партиялардан кандидат ұсынылды, 4 округте екі саяси партиядан, 3 округте – үш саяси партиядан.
Ақжайық, Сырым аудандарының 4 сайлау округінде кандидаттар тек саяси партиялармен ұсынылған болса, Жағақала, Казталов, Қаратөбе аудандарының 4 сайлау округінде өзін-өзі ұсынған кандидаттар.
Ағымдағы жылдың 9 шілдеге жағдайы бойынша 82 кандидаттың құжаттары қаралып заң талаптарына сәйкестігі белгіленді.
93 ұсынылған кандидаттың 6немесе 6,45% - әйел адамдар .
45 кандидат – мемлекеттік қызметші. Соның ішінде 20 кандидат қайталап ұсынылып жатыр. Саяси партиялармен ,қазіргі таңда әкімнің жұмысын атқарып жүрген ,20 кандидат ұсынылды.
Ұсынылған кандидаттардың 6 немесе 6,45% экономисттер, 10 немесе 10,7 % заңгерлер.
3 Кандидаттардың орта жасы 41,1 жас, ең жас кандидат 26 жаста, жасы үлкені – 60 жас.
60 (64,5%) кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 27 (27 %) – ауданда тұрады , 6 (6,45%) –облыста.
Бүгінгі кунге жағдайы бойынша ұсынылған кандидаттын 78 (83,8%) тіркелді.
Анықтама: Ең көп сайлаушылар саны 6671 адам Теректі ауданының Подстепнов а/о, ең аз -180 –Бөрлі ауданының Қарақұдық а/о.
Аудан орталығынын 200 км қашықтықта орналасқан округтер –Ақжайық ауданының Сарытоғай а/о, Бөкейордасы ауданының Саралжин а/о.
10 сайлау округінің 10 елді мекенде сайлау учаскесінің болмауына байланысты сайлаушыларды дауыс беруге жеткізу ұыймдастырылады.