Әкімшілік сот ісін жүргізу моделі жалпы юрисдикция соттарынан, азаматтық істер жөніндегі соттардан және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардан берілген жария-құқықтық дауларды қарау үшін ірі қалалар мен облыс орталықтарында (барлығы 21 сот) жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар құруды көздейді.
Бұл халықаралық тәжірибе, әкімшілік әділет орын алған елдерде мұндай даулар жеке әкімшілік соттарда қаралады.
Бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша істерді қарайтын жұмыс істеп тұрған әкімшілік соттар – олардың жаңа атауы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттар" деп қайта аталуға жатады.
ӘРПК жобасында балама соттылықты сақтау ұсынылады, яғни жаңа сот болмаған жағдайда жалпы юрисдикция соттарының жария-құқықтық дауларды қарауы. Бұл өтініш беруші үшін сот таңдауда қолайлы құқықтық кепілдіктердің сақталуына және Қазақстанның аумақтық ерекшелігін ескере отырып, экономикалық тиімділікке байланысты.
Әкімшілік дауларды апелляциялық тәртіппен облыстық және оларға теңестірілген соттар қарайтын болады.
Істерді кассациялық тәртіппен қайта қарауды Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы жүзеге асырады.
Әкімшілік әділет енгізу халықты мемлекеттік әкімшілік ету рәсімдеріне бағыну субъектісі ретінде ғана емес, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға қатысты мәжбүрлеу рәсімдерін қоса алғанда, өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін заңды құқықтық құралдар жиынтығына ие тең құқықты әріптес ретінде де кеңінен тартуды көздейді.