Шағымданудың негізгі рәсімдері

Әкімшілік актіге, әкімшілік органның әрекетіне (әкімшілік актіні шығаруға байланысты емес) немесе оны қабылдаудан бас тартуға өтініш беруші жоғары тұрған әкімшілік органға шағым жасауға тиіс. Жоғары тұрған органы жоқ әкімшілік органның әкімшілік актісіне шағым сотқа беріледі.

ӘРПК әкімшілік органдар үшін қосымша талаптарды белгілей отырып, шағымдарды қарау рәсімін егжей-тегжейлі регламенттейді, атап айтқанда, барлық мүдделі тұлғаларды тыңдау, істің барлық мән-жайларын зерттеу, шағым қанағаттандырылмаған жағдайда жауаптың негіздемелерін түсіндіру. Ол үшін әкімшілік органға дәлелдемелер жинау, құзыретті органдардан қажетті материалдарды талап ету, куәгерлерді шақыру және т. б. өкілеттіктер беріледі.

Осы мәнмәтінде сотқа жүгіну алдында жоғары тұрған органға шағымдану рәсімінің міндеттілігін енгізу ведомстволық бақылауды жақсарту жөніндегі пәрменді шара болып табылады.

Адамның әкімшілік актіге шағым беруі тиісті шешім қабылданғанға дейін әкімшілік актінің орындалуын тоқтата тұрады.

Шағым беру қоғамдық не мемлекеттік мүдделерге зиян келтіруге қабілетті қауіп алдын алынған не жойылған жағдайларда, сондай-ақ Әкімшілік кодексте және өзге де заңдарда көзделген өзге де жағдайларда әкімшілік актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім жазбаша әкімшілік акт нысанында қабылданады.

Шағым қанағаттандырылмаған жағдайда тұлға әкімшілік актіге, әкімшілік органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) әкімшілік сотқа шағымдануға құқылы.

Дата публикации
19 января 2021