Әкімшілік рәсімдердің негізгі кезеңдері

Әкімшілік рәсім өтініш берушінің өтініші негізінде (өтініш немесе шағым бойынша) не әкімшілік органның өзінің бастамасы бойынша басталуы мүмкін.

Өтінішке қойылатын талаптар белгіленеді.

Өтініште формальды қателіктер жіберілген кезде әкімшілік органның оларды жою бойынша жәрдем көрсету міндеті көзделеді.

Әкімшілік органның қолайсыз әкімшілік актіні қабылдағанға дейін адамға тыңдалу құқығын беру міндеті бекітіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, әкімшілік рәсімнің жалпы мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.

Әкімшілік орган әкімшілік актіні әкімшілік рәсімге қатысушылардың және (немесе) өкілдердің назарына жеткізуге міндетті, өйткені акт әкімшілік рәсімге қатысушының назарына тәртіппен жеткізілген кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

ӘРПК мемлекеттік органдардың өтініш берушіге қатысты жеңілдетілген әкімшілік рәсімдер ұсыныстарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді (әкімшілік акт қабылдау талап етілмейтін жерлерде) қарау бойынша мүмкіндігін жүзеге асыру де көздейді.

Дата публикации
19 января 2021