Шынайылық қағидаты

Әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушылар ұсынған материалдар, объектілер, құжаттар мен мәліметтер (бұдан әрі-құжаттар және өзге де мәліметтер) әкімшілік орган, лауазымды адам өзгеше белгілегенге дейін дұрыс деп есептеледі.

Әкімшілік рәсімге қатысушылар ұсынған құжаттар мен өзге де мәліметтердің түпнұсқалығына негізді күмән болған кезде әкімшілік орган, лауазымды адам олардың түпнұсқалығын дербес және өз есебінен тексеруге міндетті.

Дата публикации
19 января 2021