Жеке не заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуді көздейтін шаралар Конституцияда және заңдарда белгіленген мақсаттарға бағытталуға тиіс және мөлшерлес болуға, яғни өзінің мазмұнын, орнын, уақытын және қамтылатын адамдар тобын ескере отырып, олардың мақсаттарына қол жеткізу үшін лайықты, қажетті және барабар болып табылуға тиіс.
Пропорционалдылық принципі әкімшілік органның нақты істі қарастырылатын мақсат пен қолданылатын құралдар арасындағы ақылға қонымды арақатынаста қарастыруына кепілдік беруге арналған.
Бұл принцип әкімшілік қалауды (дискрециялық өкілеттіктерді) жүзеге асыру кезінде қолданылады.