Бұл қағидат әкімшілік органның қабылданған әкімшілік актінің заңды және дәйекті болып табылатындығының "кепілі" болып табылады. Әкімшілік орган жіберген қате адамға зиян келтіре алмайды.
Мәселен, егер белгілі бір адамға (немесе адамдар тобына) қатысты қолайлы Әкімшілік акт заңсыз қабылданса, бұл ретте акт адресатының кінәсі болмаса және осы акт өзге адамдардың құқықтары мен мүдделерін бұзбаса, жекелеген жағдайларды қоспағанда, мұндай әкімшілік актінің күші жойылуға жатпайды (бұл ретте тұлғаға актінің күшін жою нәтижесінде туындаған зиян өтелетін болады).