Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы даму қорытындылары

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімі 1630,4 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 104,3% құрады, оның ішінде:

  • тау-кен саласында-1385,9 млрд. теңге, 105,3%;
  • өңдеу саласында-185,5 млрд. теңге, 96,2%;
  • электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында-51,8 млрд. теңге, 97,4%;
  • сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуынбақылау саласында– 7,2 млрд.теңге, 109,0%.

Газ өндіру көлемі 19015,7 млн. текше метрді құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 7,6% - ке артық, газ конденсаты – 11263,6 мың тонна немесе 7,7% - ке артық.

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2587,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 1,8 есеге көп.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 19024,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 1,9% - ке аз.

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 3,4%-ке кеміп, 12353,2 млн.теңгені құрады. Тауарлы бетон өндірісі 25,1%-ке кеміді.

Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 11052,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 11,8% - ке аз.

Машина жасауда 39554,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді,бұл 2,0% - кеаз.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 15049,9 млн. теңгені құрайды, бұл 24,1% - кеаз. Болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар, іші қуыс жіксіз профильдер 22,4%-ке, легірленбеген болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі – 35,6%-ке азайды.

Азық-түлік өнімдері 71999,2 млн.теңгеге өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,8% - кеаз.

Жаңа піскен нан 0,6% – ке, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық – 0,8%-ке, дәнді дақылдардан жасалған ұн 3,2%-ке, консервідегі ет – 6,4%-ке, шұжық және ұқсас өнімдер – 11,5%, макарон, кеспе, кускус және ұн өнімдері-31,5%-ке артты.

Ет және азық-түлік субөнімдері өндірісі – 5,8%-ке, ірімшік және сүзбе –14,3% - ке, өңделген сұйық сүт және кілегей-22,1% - ке азайды.

2020 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 348 жұмыс орын құрылумен 7,7 млрд. теңгеге 6 жоба іске қосылды, соның ішінде:

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС - қуаты 35-500 кВ трансформаторға арналған панельді радиатор өндірісі ". Құны – 3,9 млрд.теңге. Жұмыс орны – 115;

«Квант» ЖШС – мебель фабрикасы. Құны – 2000 млн.теңге. Жұмыс орны – 100;

«GreenSparkLimited» ЖШС – Күн панельдер өндірісі. Құны – 840 млн.тенге. Жұмыс орны – 100.

«Кублей» ЖШС – теріні қайта өңдейтін цех. Құны – 544,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 20.

«Орал құс фабрикасы" ЖШС - құс фабрикасын кеңейту. Құны – 375,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 6.

«Intelligent Provective System» ЖШС - жеке газталдауыштарды өндіру.  Құны – 85  млн.теңге. Жұмыс орны – 7;

Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 405,5 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті деңгейінен 28,2%-ке аз.

Республикалық бюджет есебінен инвестиция 20,0 млрд.тенгені құрады, бұл 18,4%-ке аз.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 45,6 млрд. теңге құрады, бұл 2,7 есеге көп.

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің  79,3% тиесілі немесе 321,4 млрд. теңге, бұл 37,6 % аз.

Банктердің кредиттеріесебінен инвестициялар 4,9 млрд. теңге (2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 17,9%-ке аз), қарыздар есебінен – 13,5 млн. теңге құрады (7,3 есеге көп).

416,0 мың шаршы метртұрғын үй іске қосылды немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,3%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарыныңкөлемі 142,1 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2%-ке аз. 

Көлік.37,0 млн. тонна жүк және 138,4 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылдың қаңтар-қарашасына сәйкесінше 102,9% және 35,1%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 185,0млрд. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 100,1% құрады.

Өндірілген ет (тірі салмақта) 83,5 мың тонна немесе 2019 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 102,2%, сүт – 226,0 мың тонна (100,2%), жұмыртқа – 173,7мың.дана (103,4%).

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2019 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ІҚМ басы 8,1%-ке (оның ішінде сиыр – 10,9%-ке), жылқы-14,4%-ке, қой – 2,3%-ке, ешкі – 5,7%-ке, түйе – 3,0%-кеартты.

Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 293,4 млрд. теңге, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 98,1% құрады.

Бағалар.Инфляцияның жалпы деңгейі 106,2% құрады (республикалық көрсеткіш – 106,5%).

Азық-түлік тауарларының бағасы 9,2%-ке өсті. Нан бағалары – 5,4%-ке, балық және теңіз өнімдерінің – 7,1%-ке, еттің – 7,3%-ке, сүт өнімдерінің - 7,7%-ке,жемістер мен көкөністердің -7,8%-ке, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 7,9%-ке, кондитерлік өнімдер – 8,1%-ке,макарон өнімдері - 9,1%-ке, жұмыртқа –10,1%-ке, алкогольсіз сусындар - 11,3%-ке, шайдың – 11,4, темекі өнімдері – 12,1%-ке, ұн – 13,1%-ке, май және тоңмай –18,3%-ке, жарма –35,5%-ке, қант- 35,6%-ке өсті. Құс етінің бағасы 3,8%-ке арзандады.

       Азық-түлік емес тауарларының баға индексі 104,6% құрады. Автомобиль бағалары – 4,4%-ке, кеңсе тауарлары мен сызу құралдары - 4,6%-ке, киім және аяқ киім бағалары –5,3%-ке, жеке күтімге арналған өзге де тауарлар – 5,6%-ке, жуғыш және тазалағыш құралдар 6,1%-ке, кілемдер мен кілемдік жабындар – 6,3%-ке, тұрмыстық құралдар - 7%-ке, фармацевтикалық өнімдер– 7,2%-ке, құрылыс материалдары 9,1 өсті. Бензин 1,1%-ке қымбаттады, дизель отыны 10,7%-ке арзандады.

2020 жылғы қаңтар-қарашада ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 3,8%-ке өсті. Суық су тарифтері - 0,6%-ке, ыстық су мен орталықтан жылыту - 0,9%-ке, электр энергиясы - 14,2%-ке, қоқыс шығару - 48,2%-ке өсті. Демалыс және мәдени іс шаралар қызметтерінің бағалары - 1,5%-ке, амбулаториялық қызметтер - 3,2%-ке, қоғамдық тамақтандыру - 5,3%-ке, білім беру - 5,8%-ке, негізгі тұрғын үйді жалға алу үшін нақты жалгерлік төлемі - 7,8%-ке, аяқ киім жөндеу - 7,9%-ке, құқықтық және сақтандыру қызметтері 10%-ке өсті. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметінің бағасы 0,4%-ке қымбаттады, жолаушылардың әуе көлігі қызметі 24,8%-ке арзандады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 43,0 мың бірлікті құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,2 %-ке көп.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 106,8 мың адамды құрады немесе 2019 жылдың 1 шілде деңгейінен 8,0%-ке аз.

2019 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 551,2 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейіне 69,9%.

2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 2504,8 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1692,6 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 476,2 млн. теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдауға – 247 млн. теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар – 89 млн.теңге.

Құзіретті органның шешімімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 15,2 млрд. теңгеге 174шартқа қол қойылды.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 5,6 млрд.теңге бөлінді.

Қаржы. Мемлекеттік бюджетке 226,7 млрд.теңге жиналды (болжамға 100%), бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 66,6% - ке аз.

Республикалық бюджетке түсімдер 130,1 млрд.теңгені құрады (болжамға 94,0%), бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 50,4% - ке аз.

Жергілікті бюджетке 96,6 млрд.теңге түсті (болжамға 109,4%), бұл 17,4% - ке көп.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда  1566,0  млн. теңгеге көбейді және 3570,3  млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 1756,3 млн. теңге (454,5млн. теңгеге көп), жергілікті – 1 814,0 млн. теңге (1111,5 млн. теңгеге көп).

Еңбек нарығы.

2020 жылдың 1 желтоқсанынажұмыспен қамту қызметінде 15205 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 4,5% құрады.

2020 жылдың 1 желтоқсанына18526 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 3246, өнеркәсіпте – 122, құрылыста – 913, көлік және қоймалауда – 147, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 463, білім беру – 661, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 322, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 4085, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 8567. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 12178 (65,7%) – ауылдық жерде.

2020 жылдың 1 желтоқсанына23390 адам жұмысқа орналастырылды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 8089 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1835 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 805 адам орналастырылды.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйектеорташа айлық еңбекақы190416 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 7,2%-ке көп.

Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 386 мектепті құрады (112002 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 383 (111740 оқушы), мемлекеттік емес – 3 (262 оқушы). 377 күндізгі мектеп (110940 оқушы), 3 кешкі ауысымды мектеп (242 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (558 оқушы) жұмыс істейді.

Облыста 286 балабақша және 229 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 76,3%, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.

50 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 61,2 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 55,2% құрайды.

3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 121 отбасында 155 бала патронаттық тәрбие алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 17,0 мың адам оқитын 34 бірлік құрайды, соның ішінде 24 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.

Білім беру саласының 2020 жылғы бюджеті 107,8 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15977 компьютер бар немесе бір компьютерге 5 оқушыдан келеді.

Денсаулық сақтау. Облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының желісі 2020 жылдың 1 желтоқсанында 38 заңды объектіні құрайды.

Облыста 1768 дәрігер және 6505 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді (ДСӘДМ жүйесі).

3478 бюджеттік төсек жұмыс істейді.

2020 жылдың қаңтар-қарашасын 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен ауру–7,6% - ке, туберкулезден өлім-жітім (100 мың тұрғынға)-4,8% - ке азайды. 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 3 ана өлімі тіркелді.

Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2020 жылы 7,4 млрд.теңгені құрайды.

  Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 698 нысанды құрайды, соның ішінде 364 кітапхана, 263 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 24 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 6 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығармашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.

Мәдениет саласының 2020 жылғы бюджеті 9,8 млрд. теңгені құрайды.

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1682 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 17 спорт кешені, 293 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 96 ату тирі, 1084 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 6 хоккей корты.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.

Дене шынықтыру және спорт саласының 2020 жылғы бюджеті 4,4 млрд. теңгені құрады.

 

Дата публикации
20 декабря 2020