«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы
1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі одан «Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен қайта құрылсын.

  2. Келесі коммуналдық мемлекеттік мекемелер «Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне берілсін:

- «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

- «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

- «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Қоса беріп отырған мыналар бекітілсін:

1) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже, құрылымы мен штат саны;

2) Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже, құрылымы мен штат саны;

3) Бөлу балансы.

  1. Қайта құрылған мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Басқарманың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі басқа да қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Қайта құрылған «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор бөлу балансына сәйкес «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Облыс әкімі                                                            Н.Төреғалиев

 

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы
Дата публикации
15 июля 2026