Батыс Қазақстан облысында тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесі бекітілсін.

  2. «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

          Облыс әкімі                                                        

Н. Төреғалиев



Батыс Қазақстан облысында тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
15 июля 2026