2025 жылдың 4-тоқсанында ІАҚ-мен төрт аудиторлық іс-шара өткізілді:
1) "Орал қаласының қаржы бөлімі" ММ (жоспарлы);
2) "Теректі аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК (жоспардан тыс);
3) "Мектептен тыс жұмыс орталығы" МКҚК (жоспарлы, электрондық);
4) ШЖҚ "Қазталов аудандық ветеринариялық станциясы" МКК (жоспарлы, электрондық).
Нәтижесінде 117 259,7 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 72 626,8 мың теңге сомасына жымқыру фактісі анықталды. Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Екі лауазымды тұлғаға 929,8 мың теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде біреуімен еңбек шарты бұзылды.
БҚО мәслихатына Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 сәуірдегі №11-4 шешімін Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкестендіру туралы ұсыныс жолданды.
ІАҚ.