2026 жылдын 2 тоқсанында екі аудиторлық іс-шара аяқталды:
Нәтижесінде 1 907,6 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 1 413,0 мың теңгесі өтелді, 91,2 мың теңгесі қалпына келтірілді.
Бір лауазымды тұлға 32,4 мың теңге көлемінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де аудиторлық іс-шара жүргізілуде.
ІАҚ қорытындыларды дайындаумен бір қызметтік тергеуге және бір жұмыс тобына қатысты.
Сондай-ақ, 2025 жылы құқық қорғау органдарына берілген материал бойынша сот отырысына қатысу қамтамасыз етілді, оның қорытындысы бойынша ШЖҚ «Казталов ветеринариялық станциясы» МКК-нің бас бухгалтерін айыптау үкімі шығарылды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ішкі аудит қызметінің жұмысына қатысты ұсыныс жолданды.
ІАҚ.