Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 28 қаулысы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Облыс әкімі |
Н. Төреғалиев |
|
|
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің |
|
"Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
"Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Егер Аппараттың заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысы мен оның орынбасарларының тапсырмалары мен актілерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
3) заңнамада көзделген құзыреті шегінде облыстың мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру.
Құқықтары:
1) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алу, сондай-ақ оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беру;
2) меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан облыс әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрату және алу;
3) облыс әкімдігінің отырыстарына, сондай-ақ басқармалар, департаменттер, комитеттердің, аудандар мен Орал қаласы әкімдері отырыстарына қатысу.
Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
3) мемлекеттік мекемеге бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) өз құзыры шегінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын облыс аумағында іске асыруға қатысады;
2) орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда облыс аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;
5) облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтуды қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратымен, министрліктермен, ведомстволармен, облыстың қала және аудандары әкімдері аппараттарымен, облыстық мәслихатпен, ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
7) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, облыс әкімі мен әкімдігінің, облыстық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
8) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
9) облыс әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түскен азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік тілде іс жүргізуді жолға қояды және жетілдіреді;
10) облыс әкімінің шешімдері, өкімдерінің және облыс әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;
12) ақпараттық технологияларды, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерін енгізеді;
13) облыс әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;
14) бұқаралық ақпарат құралдарында облыс әкімі мен оның орынбасарларының, облыс әкімдігінің қызметін жарықтандыруды ұйымдастырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, облыстағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;
15) облыс әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен облыста заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
4) аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) облыстың жергілікті атқарушы органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
11) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жетекшілік етуді жүзеге асырады.
Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Аппараттың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК