Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Табиғи ресурстар

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша  2025 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс нәтижелері мен жетістіктеріңіз

 туралы ақпарат

 

Экология.

ҚТҚ полигондары. БҚО-да қатты-тұрмыстық қалдықтардың 147 полигоны бар, оның ішінде 24-не санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкес рұқсат құжаттары ресімделген, бұл 16,3% құрайды (оның ішінде 145 полигон ауылдық округтердің орталықтарында және 2 полигон Орал және Ақсай қалаларында орналасқан, Орал және Ақсай қалаларында, Переметное, Қаратөбе, Сайхын, Теректі, Ақжайық, Шыңғырлау, Жәнібек, Ұзынкөл, Казталов, Шаған, Дариян, Жаңақала, Чапай, Жымпиты, Ұзынкөл және 2025 жылы Тау, Күйгенкөл, Камысты, Тайпақ, Бейбітшілік, Қызылоба, Бөрлі ауылдарында ресімделген).

Ауылдық елді мекендерде жаңа ҚТҚ полигондарын құрылыстарына ЖСҚ жаңартылды: Ақжайық ауданының Чапай ауылында және Казталов ауданының Казталов, Жалпақтал ауылдарында. Бүгінде жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуде.

2025 жылдың 4 тоқсанына 132 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар қалыптасты, соның  өңдеу 36,6 мың тоннасы сұрыпталып, өңделді немесе өңдеу үлесі 27,8% құрады. Облыста 2 қоқыс сұрыптау кешені бар.

Орал қаласында 2019 жылы  «GreenServiceCompany» ЖШС қуаты жылына 100 мың тонна қоқыс сұрыптау кешенін іске қосты.

Ақсай қаласында 2024 жылы «Digitalisation and Resycling» ЖШС  қуаты жылына 5000 тонна қоқыс сұрыптау кешенін іске қосты.

Облыста ҚТҚ өңдейтін 2 зауыт және 1 цех бар.

2018 жылдан бастап "Кама центр" ЖШС-де шиналар мен резеңкелерді қайта өңдеу зауыты жұмыс істейді, қуаты жылына 5500 тонна.

2021 жылы "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" полиэтиленді қайта өңдеу және дайын өнім өндіру бойынша 2 цехты іске қосты. Қуаты жына 10 000 тонна.

2010 жылдан бастап «Үсенова» ЖК цехында макулатура қалдықтарын өңдейді, қуаты жылына 100 тонна.

«Тұранпромресурс» ЖШС әйнек қалдықтарын өңдеу бойынша жобаны жаңғыртуда. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында цехты ашу жоспарлануда.

Қалдықтарды басқару саласында жалпы құны 11,4 млн. теңгені құрайтын 2 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жаңадан 47 жұмыс орыны құрылатын болады.

  1. «ALTRA TYRES» ЖШС-ң Орал қаласындағы зауытта шиналарды қайта өңдеу бойынша қолданыстағы жабдықты жаңғырту жобасы І-кезеңде, құны 258,2 млн теңге. Жоба арқылы өнімділікті сағатына 700 кг-нан 1400 кг-ға 2 есеге арттыру жоспарлануда. Жоба бойынша жаңа 10 жұмыс орны құрылады.
  2. «Hyundai Solar KZ 777» ЖШС Орал қаласында жалпы құны 11 200,0 млн. теңге. теңгені құрайтын, қуаты жылына 100 мың тонна қоқыс сұрыптау, өңдеу кешенінің құрылысы жобасы ІІ-кезеңге өтті. Орал қаласы әкімдігі инвестордың 4 жобасына жер учаскесін бөлді. Жоба бойынша 30 жұмыс орыны құрылады.

Орман шаруашылығы.

01.01.2026 жылға мемлекеттік орман қоры жерінің жалпы ауданы - 224 699 га, оның ішінде орманмен қамтылған аумағы 88 762 га, облыстың ормандылығы 0,6% құрайды.

 Мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызуға қатысты Жолдауын орындау аясында Кешенді жоспарға сәйкес облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 5 жылда 15228 га ауданға орман дақылдарын отырғызу және 6253 га ауданға орман дақылдарын толықтыру жоспарланған және 56,6 млн дана ағаш отырғызылады. 2024 жылы ҚР Премьер-министрі Бектеновтің сұраныс хатына сәйкес ағаш отырғызу жоспарын 2027 жылға дейін ұзарту Мемлекет басшысымен келісілді. Сондықтан 2021-2027 жылдарға арналған жаңа Кешендік жоспар жасақталып бекітілді және ҚР ЭТРМ келісілді. (2021 ж. - 3,47 млн дана, 2022 ж. – 8,1 млн дана, 2023 ж. - 11,8 млн дана, 2024 жылы – 7,56 млн дана, 2025 жылы – 8,26 млн дана, 2026 жылы – 8,82 млн дана, 2027 жылы - 9,49 млн дана).

Ағымдағы жылы орман шаруашылығы мекемелерімен орман қоры аумағында орман дақылдарын отырғызу 2222 га алқапқа және 860 га алқапқа орман дақылдарын толықтыру жүргізілді және 8,28 млн дана әр түрлі ағаш-бұта тұқымдыларының көшеттері отырғызылды. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Ағымдағы жылы өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерін болдырмау мақсатында өртке қарсы профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді, соның ішінде:

- минералданған жолақтардың құрылысы және минералданған жолақтарға күтім жасау 12 905 км;

- өртке қарсы маңызы бар жолдарды жөндеу және күтіп ұстау 5,2 км;

- орамдардың шекарасын белгілеу үшін кеңейтіп, тазартып кесу 70,9 км.

399 аншлагатар және билбордтар орнатылып, жаңартылды. Жерлері мемлекеттік орман қоры аумағымен шектесетін жер пайдаланушыларға 404 ұйғарым берілді. 3 878 парақшалар жасалды және таратылды. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Жыл басынан облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 1799 рейд жүргізілді, табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 341 хаттама толтырылды. Сонымен қатар 2 630,5 мың теңге сомасында айыппұл салынды, 2 630,5 мың теңге сомасында айыппұл өндірілді. 9450,1 мың теңге сомасында залал салынды, 8978,1 мың теңге сомасында залал өндірілді.

Жалпы ауданы 5,8 млн га 63 аңшылық алқап құжаттандырылды, оның ішінде жалпы ауданы 4,5 млн га 44 аңшылық шаруашылығы аңшылық пайдаланушыларға бекітілді.

Су ресурстары.

Бүгінгі таңда облыстағы 50 гидротехникалық құрылыстың 25-і қанағаттанарлықсыз жағдайда (республикалық 3,коммуналдық-20,жекеменшік-3).

2025 жылы Казталов ауданы Жалпақтал ауылында су қоймасын салу бойынша конкурстық рәсімдер басталды, тапсырыс беруші – «ҚазСуШар» РМК филиалы (сыйымдылығы – 28 млн м³, құны – 8,2 млрд теңге). Сондай-ақ «БҚО Теректі ауданындағы Барбастау өзеніндегі су қоймалары каскадына су беру үшін сорғы станциясын салу» жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, 2026 жылы мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарлануда (40,5 млн теңге бөлініп, игерілді).
Бәйтерек ауданы Чиров ауылы маңындағы Кіші Быковка өзеніндегі су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді (5,9 млн м³). Жоба құны – 156 млн теңге.

2025 жылы 13 су қоймасында (республикалық-3,коммуналдық-9) 197 млн теңге сомасына көпфакторлы зерттеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылы коммуналдық меншіктегі 6 су қоймасын және республикалық меншіктегі 2 су қоймасын реконструкциялауға арналған жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды. Қазіргі уақытта коммуналдық меншіктегі 6 су қоймасы мен республикалық меншіктегі 1 су қоймасын реконструкциялауға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Лимандық 3 бас құрылымға (Рыбный Сокрыл, Мамай, Коржын) жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, түзету жұмыстары басталды. Сараптамадан өтуі ағымдағы жылы жоспарлануда.

«Батысирригация» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штат саны 39-дан 73 адамға дейін өсті. 2025 жылы мекеме қызметіне 190 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 43 қызметкер жұмысқа қабылданды. 2024–2025 жылдары 31 бірлік арнайы техниканы сатып алуға 1,125 млрд теңге бөлінді.

«Демеу Қазақстан» корпоративтік қорының қаражаты есебінен 2024–2025 жылдары барлық 19 қорғаныш бөгеттуріне қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қорғаныш бөгеттерінің жалпы ұзындығы – 37,1 км.

Су тасқыны қаупі жоғары өзендерде (Жайық, Деркөл, Шаған) тасқын қаупін ерте анықтау мақсатында автомобиль көпірлерінде гидрологиялық құрылғыларға негізделген кешенді хабарлау және мониторинг жүйесін орнату бойынша шарт жасалды. Жоба құны – 99,6 млн теңге. Жоба толық аяқталды.

«Су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларға қарсы іс-шаралар жөніндегі жол картасы» аясында жергілікті бюджеттен шұғыл шығыстар есебінен Орал қаласы аумағындағы Жайық өзенінің жағалауын нығайтуға 1 631 млн теңге бөлінді.

Орал қаласы аумағында Жайық өзенінің жағалауын Шамсутдинов көшесінен өзен портына дейін нығайту жобасының құны – 792,7 млн теңге.

Жайық өзенінің жағалауын Чичерная көшесінен Шамсутдинов көшесіне дейін (2-кезең) нығайту жобасының құны – 881,7 млн теңге.

Тасқала ауданы Тасқала ауылы шегіндегі Деркөл өзенінің арнасын кеңейту жобасы бойынша 2026 жылы республикалық бюджеттен (Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы) 435,3 млн теңге бөлу көзделген. Жобаның жалпы құны – 620 млн теңге. Сонымен қатар, облыс әкімдігі Шыңғырлау өзенінің арнасын тазалау (11 км) жобасын әзірлеуде.

Жоғарыда көрсетілгендей, облыста су қоймаларын реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде, бұл алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарына (ҚМЖ) республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлуді талап етеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Сұрақ: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды қалай алуға болады?

Жауап: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Аталған қызметті алу үшін порталы арқылы тіркеліп, өтінім беру қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінімді қарау мерзімі -3 жұмыс күні. Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы(ЭЦҚ) қажет. Қызмет көрсету нәтижесі-жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат немесе дәлелді бас тарту.


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.Аталған қызметті алу үшін порталы арқылы тіркеліп, өтінім беру қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінімді қарау мерзімі -3 жұмыс күні. Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қажет.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі:
1)аң аулау;
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында пайдалану;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.


Сілтеме НҚА: "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы

Сұрақ: ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсаттарды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап: Мемлекеттік қызметті БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) белгіленіп отырған қызметке қатысты II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
4) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
5) эмиссиялар нормативтерінің жобасы;
6) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;
7) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;
8) әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
9) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде).


Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығы 2 тарауының 3 параграфына сәйкес «II санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 11-қосымшасында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес рәсімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) белгіленіп отырған қызметке қатысты II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
4) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
5) эмиссиялар нормативтерінің жобасы;
6) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;
7) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;
8) әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
9) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде).


Сілтеме НҚА: Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығы. 

Сұрақ: Жергілікті маңызы бар су айдынын немесе су учаскесін бекітіп беру қалай жүзеге асырылады?

Жауап: Ол үшін жеке немесе заңды тұлға Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына өтінім береді. Өтінім негізінде инспекция ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына» сәйкес конкурс өткізеді. Конкурстың нәтижесі бойынша су айдыны немесе учаскесі 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге бекітіп береді.


Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығына ие бола алады. Ол үшін жеке немесе заңды тұлға Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына өтінім береді. Өтінім негізінде инспекция ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына» сәйкес конкурс өткізеді. Конкурстың нәтижесі бойынша су айдыны немесе учаскесі 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге бекітіп береді.
ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңының 40-бабына сәйкес жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлместен соларға бекiтiп берiледi.


Сілтеме НҚА:  "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы"

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы