Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария

Батыс Қазақстан облысы аумағында ветеринария саласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған ветеринариялық іс-шаралар

 

Облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласын қаржыландыру жыл сайын ұлғайтылып келеді.  

2025 жылы облыстың ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы 4,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты 4,3 млрд. теңгені немесе 89%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 28%-ға жоғары.

(Анықтама: 2024 жылы ветеринария саласына 3 млрд. 578 млн. теңге бөлінген.)

Қаржыландыру көлемінің артуы ветеринариялық мамандардың еңбекақысын көтеруге және ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, 2024 жылы жұмыс өтіліне байланысты ветеринариялық дәрігерлердің орташа айлығы 267-278 мың теңгені құраса, 2025 жылы:

- ветеринариялық дәрігерлерге – 309-320  мың теңге,

- ветеринариялық фельдшерлерге – 228-256 мың теңге,

- ветеринариялық санитарларға – 160-190 мың теңге мөлшерінде еңбекақы төленуде.

Ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар

2025 жылға бектілген жоспарға сәйкес облыс бойынша жануарлардың аса қауіпті 12 жұқпалы ауруларына қарсы 11,1 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау және 2,2 млн. бас малды диагностикалық тексеруден өткізу көзделген.  

(Анықтама: 2024 жылы 15 аса қауіпті ауру бойынша 10,1 млн. бас мал вакцинацияланып, 2,2 млн. басқа диагностикалық бруцеллезге зерттеу жүргізілді.)

 2025 жылға облысқа аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттар толық көлемде жеткізілді. Жылдық жоспарға сәйкес 11,1 млн. бас жануар (100%) вакцинацияланды. Соның ішінде сібір жарасы ауруына қарсы 1,1 млн. бас мүйізді ірі қара, 1,6 млн. бас ұсақ мал, 270,4 мың бас жылқы, 12 430 бас шошқа және 2 200 бас түйе вакцинацияланды.

Ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық препараттарды сақтау үшін 181 тоңазытқышпен, 34 жертөлемен және 3 арнайы жабдықталған бөлмемен қамтамасыз етілген.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтары

Облыс аумағында ағымдағы жыл басынан аса қауіпті аурулардың 4 ауру ошағы тіркелді. Оның ішінде мүйізді ірі қара малы арасында 3 құтыру ауруының ошағы (Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылдық округі – 2 ошақ,  Казталов ауданы, Казталов ауылдық округі, Сайқұдық қыстағы – 1 ошақ) және мүйізді ірі қара бруцеллезінің 1 ошағы (Бәйтерек ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округі, «Сүндеткалиев» ШҚ).

Барлық ошақтарда тиісті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар толық көлемде жүргізіліп, ауру ошақтары жойылды. Басқа аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

(Анықтама: 2024 жылы облыста жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 9 ошағы тіркелген.)

Жануарлардың бруцеллез ауруы 

2025 жылғы жоспарға сәйкес жүргізілген диагностикалық зерттеулер нәтижесінде:

- 864,1 мың бас мүйізді ірі қара мал зерттеліп (102%), оның 5 479 басы оң нәтиже көрсетті. Облыс бойынша зақымдану көрсеткіші – 0,6%;

- 1 359,3 мың бас ұсақ мүйізді қара зерттеліп (100%), 867 басы оң нәтиже көрсетті. Облыс бойынша зақымдану көрсеткіші – 0,1%.

(Анықтама: 2024 жылы  бруцеллезге 812 мың бас мүйізді ірі қара зерттеліп, 5 728 бас оң нәтиже көрсетті. Зақымдануы – 0,7%. Ұсақ мүйізді қара  малдары арасында 1 365,7 мың бас жануарлар зерттеліп, 1 615 басы оң нәтиже көрсетті. Зақымдануы – 0,1%.)

Санитариялық тасымалдау және өтемақы төлеу

2025 жылы ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 50,764 млн. теңге бөлінді. Бруцеллезге шалдыққан жануарлар облыс аумағындағы 9 сою ұйымына жеткізіліп, санитарлық сою жүргізілді. Жыл басынан бері 5 392 бас ірі қара және 860 бас ұсақ мал санитарлық союға тапсырылды.

Қайта өңідеуге жіберілген ұсақ мүйізді мал үшін 358 мал иесіне 14 млн. 794 мың теңге өтемақы төленді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

2025 жылы бірдейлендіру іс-шаралары аясында 344 491 дана ірі қараға, 918 943 дана ұсақ малға, 588 дана түйеге және 21 901 дана шошқаға арналған құлақ сырғалары сатып алынды.

Қазіргі уақытта басқарма қорында қажетті құлақ сырғалары жеткілікті, жергілікті ветеринариялық станциялар толық қамтамасыз етілген.

Жоспарға сәйкес 336 488 бас ірі қара, 533 866 бас ұсақ мал, 336 бас түйе, 14 527 бас шошқа және 75 896 бас жылқы бірдейлендіріліп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізілді.

Қаңғыбас жануарларды аулау, уақытша ұстау, жансыздандыру және биозарарсыздандыру жұмыстары

2025 жылға қаңғыбас жануарларды аулау және биостерилизациялау жұмыстарына 73,3 млн. теңге қаражат бөлінді.

Нәтижесінде 7 387 қаңғыбас ит ауланып, оның 3721-і биозарарсыздандырылып, қайта мекендеу ортасына жіберілді, 3 666 ит тұрғындардың өтініштері негізінде жансыдандырылды.

Облыс бойынша үй жануарларын тіркеу дерекқорында 27 642 ит-мысық тіркелген, оның ішінде 6 545-ның тұрақты иелері бар.

Жыл қорытындысы бойынша үй жануарларын асырау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін жергілікті полиция қызметімен 228 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 4,9 млн. теңге айыппұл салынды.

Ветеринариялық инфрақұрылым             

       Облыс бойынша 13 ветеринарлық станция және ауылдық округтерде 147 ветеринарлық пункт жұмыс істейді.

       147 ветеринарлық пункттің 51-і жеке ғимараттармен қамтылған,  қалғандары ауылдық округ әкімдіктері бөлген орындарда орналасқан.                                

2025 жылы ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 1,6 млрд. теңге жұмсалды. Жоспарланған 29 ветеринариялық пункттің барлығы салынды.

Сонымен қатар, 831 млн. теңгеге 106 жаңа қызметтік автокөлік сатып алынып, ветеринариялық станциялардың автопаркі толық жаңартылды.

Сібір жарасы көмінділері және мал қорымдары

Облыста 222  сібір жарасы көміндісі тіркелген. Барлығы ветеринариялық санитариялық талаптарға сәйкестендіріліп, цемент-бетонды материалмен қоршалып, танымдық белгілер орнатылды.

2025 жылы қоршау және жөндеу жұмыстарына 15,9 млн. теңге бөлінді.

                 Облыс көлемінде 260 мал қорымы бар, оның ішінде  62 типтік үлгіде (биотермиялық), қалғаны шаруашылық тәсілмен салынған.  2025 жылы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай 30 жаңа мал қорымы салып, пайдалануға берілді.

Мал сою пункттері бойынша

Облыста барлығы 38 мал сою ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 4 ет өңдеу кәсіпорны, 21 мал сою пункті және 13 мал сою алаңы

2025–2027 жылдарға облыста 11 мал сою пунктін іске қосу жоспарланған. 2025 жылы оның 8-і пайдалануға берілді. Алдағы кезеңде тағы 2 нысанды іске қосу көзделуде.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Ветеринария
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы