Автокөлік жолдары

Автокөлік жолдары

Батыс Қазақстан облысы автомобиль жолдарының жағдайы бойынша анықтама

 

Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  6053 км құрайды.  Оның ішінде: Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары–1349 км. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары – 4704 км.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 83%, жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 56% құрады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесін 60% -ға дейін ұлғайды.

2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 34,8 млрд. теңге бөлініп, жылдың қорытындысы бойынша 250,8 км жол жөнделді (қайта жаңарту - 41,5 км, күрделі жөндеу - 103,8 км, орташа - 105,5 км), сондай – ақ, "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша 39 жобаны жүзеге асыруға 8,8 млрд. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 88 км кентішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылы облыста жергілікті маңызы бар жолдарды және «Ауыл – ел бесігі» (16 жоба) бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 44,7 млрд.теңгеге 263 км ден астам жолдарды жөндеу жоспарланды. Соның ішінде, облыстық   (8 жоба-109,3 км) және аудандық маңызы бар (16 жоба-111,4 км) автожолдарға 39,2 млрд. теңге бөлініп, 220,7 км жөнделу жұмыстары жоспараланды (қайта жаңарту - 30 км, күрделі жөндеу – 114,7 км, орташа – 54,7 км, ағымдығы-21,3км). Қазіргі уақытта автожолдардың 242 км  шақырымында асфальт-бетон жабынын орнату жұмыстары аяқталды.

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 15 елді-мекеннің ауылішілік жолдарын жөндеуге 5,5 млрд. теңге қарастырылды, бұл қаражатқа 42,31 км асфальтбетон жабынмен қамтамасыз ету күтілуде. Қазіргі уақытта автожолдардың 34,9 шақырымында асфальт-бетон жабынын орнату жұмыстары аяқталды.