Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықты жұмыспен қамту

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2026 жылы 1 шілдесіне атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараты.

2026 жылдың I тоқсаны бойынша облысымызда жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,6%, 15-35 жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады.

Ұлттық статистика Бюросының мәліметіне сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 350 619 адам, жұмыспен қамтылған халықтың саны
334 663 адам, жалдамалы қызметкерлердің саны 254 306 адам, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 80 357 адам, жұмыссыз адамдардың саны 15 956 адам.

2026 жылдың 1 шілдеге мансап орталықтарына тіркелген жұмыссыздардың саны – 17 108 адам.

Ағымдағы жылы өңірімізде 61 жобаны жүзеге асыру арқылы
20 179 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып (15 796 тұрақты,
4383 уақытша),
10 445 (7 389 тұрақты, 3056 уақытша) адам жұмысқа орналасты, орындалуы 51,8% құрайды.

 Оның ішінде атап айтсақ:

          Өңірлік карта аясында 57 жобаны мердігерлік мекемелермен іске асыру арқылы 490 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып (92-тұрақты, 398-уақытша), 156 адам жұмысқа орналасты, орындалуы 31,8% құрайды;

- «Халықтың әрбір 10 мың адамына 100 жаңа жұмыс орнын құру» индикаторы бойынша 4 011 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып,  3 539 жаңа жұмыс орны құрылды.

Бүгінгі күнге 10 747 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша:

Атаулы әлеуметтік көмек (ары қарай - АӘК) 1019 отбасына, оның ішінде 5280 адамға, 299,7 млн.теңгеге көрсетілді. АӘК алушылар қатарында 393  көпбалалы отбасы.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудандық/қалалық мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес:

  • тұрғын үй көмегі 438 отбасына 14,3 млн.теңгеге;
  • үйде оқытылатын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек 394 отбасына (401 балаға) 42,0 млн.теңгеге;
  • азаматтардың жекелеген санаттарына, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға әлеуметтік көмек 16 282 адамға 1230,9 млн. теңгеге көрсетілді.

Қайырымдылық көмек 2428 отбасына 39,4 млн.теңгеге көрсетілді.

Әлеуметтік  қорғау:

Облыс бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 26249 адам, соның ішінде 18  жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны 3638.

         2026 жылдың 1 шілдедегі  жағдай бойынша 9098 мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен әлеуметтік қызметтер алушылардың 12561 қамтамасыз етілді, немесе 72,4% қамтамасыз етіліп отыр.

            Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің inva.gov.kz мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңартылған ақпараттық порталы енгізілді.  Аталған  порталға, барлық 1735 объект тіркелген, 1388 объект немесе 80,0% толық бейімделген.

         Облыс бойынша Инватакси қызметіне әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 582,7 млн.тенге қарастырылды. Қазіргі уақытта 1401 мүгедектігі бар адамдар, соның ішінде 621 балалар Инватакси қызметімен қамтамасыз етілді.

         Арнаулы әлеуметтік қызметтер

Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензиясы бар 33 ұйым арқылы көрсетілуде. Атап айтсақ, стационарлық үлгідегі 11 орталық, оның ішінде 1 орталық аралас қызмет түрін көрсетеді, жартылай стационарлық үлгідегі 6 орталық, үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 13 ұйым және 3 уақытша болу ұйымдары.

2026 жылдың 1 шілде жағдайында 5624 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды. Соның ішінде: қарттар мен 1,2 топ мүгедектігі бар тұлғалар – 3324, психоневрологиялық ауытқушылығы бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар – 1229, мүгедектігі бар балалар – 674, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары – 36, тұрғылықты жері жоқ өмірлік қиын жағдайда қалған адамдар – 361.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарының әл-қуатын жақсарту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандарын дамыту мақсатында 2022 жылдың маусым айында ментальді бұзушылықтары бар адамдар үшін 20 орындық Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі ашылды.

Бұл орталық ментальдық бұзушылықтары бар мүгедіктігі бар адамдарды қайта әлеуметтендіруге, еңбек дағдыларын дамытуға барынша үй жағдайына жақын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйінің негізгі міндеті – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың тұрмысты, еңбекті, демалыс уақытын ұйымдастыруда барынша өздігінен жасауды жетілдіру, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау болып табылады. Қазіргі таңда Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйінде 21 адам тұруда.

Орал қаласында заманауи стандарттар мен технологияларға сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығы ашылды.

Оңалту орталығының негізгі мақсаты – тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларды  және бірінші, екінші топ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету болып табылады.

2026 жылдың 1 шілде жағдайында орталық қызметімен 392 адам қамтылды, соның ішінде 98-і бала.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы