Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Цифрландыру

Цифрландыру бағыты бойынша 2026 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша АНЫҚТАМА

 

2025 жылы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект және цифрлық технологиялар дәуіріндегі Қазақстан бойынша өзекті мәселелерді атап өткен болатын. Осы бастама және Smart City аясында облысымызда:

Тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тәулік бойы ikomek109 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді.Осы жобаның негізгі әсері коммуналдық кәсіпорындарданақпарат пен қызметтер алу кезінде халық үшін ыңғайлылықты арттыру, халықтың өтініштерін өңдеу уақытын қысқарту болып табылады. Сондай-ақ «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау платформасымен интеграция бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі таңда саll-орталыққажасандыинтеллект функциясын қосу жұмыстары жүргізілуде.Яғни, бұл функцияны қосқан кезде тұрғындардан келіп түсетін қоңырауларға робот автоматты түрде жауап беру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

(Анықтама: Іkomek109 бірыңғай call-орталығына 2026 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы – 36991 қоңырау түсіп, оның ішінде 30127 кеңестік қоңырау, 6864-сі өтініш ретінде тіркеліп, 5843 өтініш өңделіп, тұрғындарға кері байланыс жасалды).

Қауіпсіздік саласында бейнебақылау жүйесін кеңейту аясында 2025 жылы Орал қаласында жасанды интеллект фунциясымен 300Target AI бейнекамераны орнату жұмыстары жүргізілді(Анықтама:бетті тану, автокөлік номерлерін анықтау, қауіпсіздік белгіліні, ұялы телефон пайдалану, қылмыстың алдын-алу т.с.с көптеген функциялар).Target AI платформасы іздеуде жүрген адамдардың барлық базаларымен интеграцияға ие, бет тануға арналған жүйемен пайдаланылады.

Сонымен бірге, орман өрт қауіпсіздігін алдын алу және өртті ерте анықтау мақсатында, жасанды интеллект фунциясымен 10 Beeline АІбейнекамера орнатылды(Анықтама:аталған бейнекамералар Приуральное, Рубежинское, Трекино, санаторий Ақжайық, Янайкино, Бударино, Чапаев, Тайпақ, Базартөбе және Орал қаласында орналасқан).2025 жылы Beeline АІ бейнекамерасы арқылы 3 орман өрті анықталып, жыл басынан бері 2 орман өрті  оқиғасы тіркеліп,өртті дер кезінде сөндірілуіне септігін тигізді.

Денсаулық сақтау саласында №2 емханада жасанды интеллект фунциясымен халыққа автоматты түрде қоңырау шалу бойынша жүйе енгізілді.(2026 жылы аталған функция арқылы скринигке шақыру хабарламалары тиісті азаматтарға жіберіліп, соның нәтижесінде 5 айдың қорытындысы бойынша 17 751 адам скнинигтік тексеруден өтті).

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында әскерге шақыруға жарамдылықты есепке алу үшін жасанды интеллект функцияларымен E-Medosmotr AI жүйесі жұмыс істейді.

Көлік саласында қоғамдық көлікті диспетчерлеу жүйесі енгізілді. Қаланың барлық автобустарында қоғамдық көліктерде электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда компьютерлік көру және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, қаладағы жол жабынының жай-күйін мониторингтеу  мақсатында, «Қала автожолдарының сапасын мониторингтеу жүйесін» енгізу  жұмыстары жүргізілуде.

Жер қатынастары саласында геоақпараттық портал іске қосылды. Аталған порталды іске қосудың басты мақсаты – мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, ауыл шаруашылығы жерлерінің дұрыс пайдаланылуына бақылау жүргізу.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауыз суды тұтынуды есепке алу және су беру қызметтерінің құнын субсидиялауды автоматтандыруға арналған E-sep.su жобасы жұмыс істейді. Бұл бағдарламалық кешен су тұтынудың ашықтығын алуға, субсидиялау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді.(Атап айтсақ 2022-2025 жылдары аралығыңда E-sep.su ақпараттық жүйесі арқылы 854 млн. тг. бюджет қаражаты үнемделді. Сонымен қатар 2022 ж. – 1 000 000 куб.м, 2023 ж. – 680 000 куб.м, 2024 ж. – 350 000 куб.м, 2025 ж. – 541 000 куб.м).

IT саласын дамыту бойыншаөңірімізде жасанды интеллект саласын оқыту мақсатында Tomorrow School мектебін ашу үшін Махамбет Өтемісов атындағы университетінде компьютермен, жиһаздармен, техникалармен жабдықталған арнайы базасы жасақталып, дамыту,жандандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 92,8 млн теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Өңірде инновациялық экожүйені дамыту мақсатында «Batys Hub» алаңы жұмыс істейді. Аталған алаңды ашудың мақсаты - оқыту және инкубациялау арқылы IT-стартаптарды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ IT-тақырып бойынша жастар арасында таланттарды анықтау. (2026 жылы жыл басынан қазіргі уақытқа дейін Batys Hub 55-тен аса іс-шара өткізіп, оған 1056 адам қатысты. Барлық бастамалар өз кезегінде жергілікті IT-қоғамдасты дамытуға, оқытуға және Батыс Қазақстан облысында технологиялық кәсіпкерлікті танымал етуге бағытталады. 2023 -2026 жылдарды саралай келе, 18 толыққанды стартап іске қосылып, өз жұмысының нәтижесін алуда. Қазіргі уақытта тағы 25 стартап жоба іске қосылып, бұл бағытта жұмыстар әлі де жүргізілуде).Өңірлік IT-Hub-ты дамыту мақсатындажергілікті бюджеттен 48 млн теңге бөлінді.

«Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығын орындау шеңберіндеоблыстың бюджеттік жоспарлау процестерін цифрландыратын «Орал 365» ақпараттық жүйе енгізілді.

Спорт саласында 2026 жылдан бастап Qadam AI платформасы жұмыс жасайды. Жаңа платформа заманауи цифрлық технологияларға, соның ішінде биометрия мен жасанды интеллектке негізделген.Әрбір қызмет көрсетушінің келушілер статистикасы, пікірлері және кері байланысы көрсетілетін жеке кабинеті болады. Бұл спорттық менеджменттің заманауи құралдары. Ең бастысы, Face ID биометриялық деректері тек қызмет көрсетушілердің өзінде сақталады.Ол дегеніміз,тәрбиеленушілердің жеке деректерінің сыртқа таралу қаупі жоқ.

Биометриялық сканерлеу рәсімі бір минуттан аспайды. Жүйе адамның бетінің 512 нүктесіне дейін талдап, баланы жоғары дәлдікпен сәйкестендіре алады.Жаттығуға кірген және шыққан уақыт автоматты түрде тіркеледі.Бала камераға жақындағанда оның биометриялық деректері оқылып, келу және кету уақыты автоматты түрде белгіленеді. Қазіргі уақытта Qadam AI платформасына тіркелген жеткізушілер саны 198 – ді құрайды. Жалпы тіркелген бала саны – 15305 болса, ваучер алғандары- 8324, кезекте тұрғаны – 6082 бала.

Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып Орал қаласы тұрғындары мен қонақтарына өңіріміздің көрікті жерлерін, сауда орындарын және өзге де мәліметтерді оффлайн форматта көрсету мақсатында қала көшелеріне «infoKiosk» бағдарламалық-интерактивті кешенін орнатылды.

Сонымен қатар, негізгі капиталға тартылған инвестициялардың 2026 жылға арналған нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында «Aimaq07» ақпараттық жүйесіне инвестициялық жобаларды енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта жаңартылған Smart City тұжырымдамасы аясында цифрландыру бойынша жаңа жобаларды енгізу жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және интернетпен қамтамасыз ету туралы 2026 жылдың 1 жартыжылдығының қорытынды ақпараты:

 

Батыс Қазақстан облысының аумағында 405 ауылдық елді мекен (АЕМ) бар. Оның ішінде 372 АЕМ (барлық АЕМ-нің 92%) интернет желісіне қолжетімді (4G – 293 АЕМ, 3G – 340 АЕМ, 2G – 376 АЕМ, ADSL – 86 АЕМ, Радиокөпір – 44 АЕМ, ТОБЖ – 136 АЕМ және спутник – 56 АЕМ).

Дыбыстық қоңыраулар үшін ұялы байланыс 376 АЕМ (барлық АЕМ-нің 93%) қамтамасыз етілген.

2026 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясы байланыс операторлары қызметінің сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін тексеру мақсатында 14 жоспардан тыс тексеру (7 тексеру – ауылдық елді мекендерде, 7 тексеру – Орал қаласында) жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша 30 млн теңге (Beeline – 17 млн тг, Kcell – 9,7 млн тг, Tele2/Altel – 3,3 млн тг) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Анықтама ретінде: 2024 жылы Өңіраралық байланыс инспекциясы 35 жоспардан тыс тексеру (14 тексеру – ауылдық елді мекендерде, 21 тексеру – Орал қаласында) жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша 67,6 млн теңге (Beeline – 24,9 млн тг, Tele2/Altel – 35,9 млн тг, Kcell/Activ – 5,5 млн тг) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

2025 жылы Өңіраралық байланыс инспекциясымен 21 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша 38,2 млн теңге (Beeline – 26,4 млн тг, Tele2/Altel – 11,8 млн тг) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Мобильді байланыс желісін дамыту

2025 жылы Билайн және Кселл байланыс операторлары Орал, Ақсай қалалары мен 21 ауыл және 2 автомобиль өткізу пунктеріне (Тегісжол, Көнеккеткен, Жайық және Қабыл (Ақжайық ауданы), Жетібай (Бөкейорда ауданы), Чинарев және Красноармейск (Бәйтерек ауданы), «Сырым» автомобиль өткізу пункті (Бәйтерек ауданы), Жымпиты және Өлеңті (Сырым ауданы), Әбіш, Кішкенеталдықұдық, Бостандық (Казталов ауданы), Шалғын, Қоржын (Қаратөбе ауданы), Тасқала, Тоғайлы және Мерей (Тасқала ауданы), «Тасқала» автомобиль өткізу пункті (Тасқала ауданы), Подстепное (Теректі ауданы), Ақсуат (Шыңғырлау ауданы), Желаев ауылы (Орал қаласы), Деркөл кенті (Орал қаласы), 2-ші дача (Орал қаласы)) жаңа базалық станцияларды орнатты.

Сондай-ақ, 202 ауылдық елді мекеннің қолданыстағы базалық станцияларына 4G стандартына дейін жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Анықтама ретінде: 2024 жылы байланыс операторлары 23 ауылдық елді мекенде жаңа базалық станциялар орнатты.

2026 жылға байланыс операторларымен Орал, Ақсай қалалары мен 10 ауылға жаңа базалық станция орнату және 8 ауылдық елді мекеннің қолданыстағы базалық станцияларына жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 

Ағымдағы жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша Билайн байланыс операторымен Бәйтерек ауданы Кирсанов және Красный Урал, Кселл байланыс операторымен Ақжайық ауданы Томпақ және Сырым ауданы Құспанкөл ауылдарына жаңа базалық станция орнатылды.

Интернетке кең жолақты қолжетімділікті ұйымдастыру

2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ облысымыздың 9 аудан орталығында (Қаратөбе, Жаңғала, Жымпиты, Қазталовка, Дарьинск, Тасқала, Теректі, Чапаево, Шыңғырлау) оптикалық инфрақұрылым кеңейту жұмыстары жүргізілді. 14 базалық станцияға дейін оптика тартылды. «Тазарту» жобасы аясында ескірген мыс желісінен 3333 абонент (Орал, Ақсай қалалары, Переметное кенті, Жаңғала, Жымпиты) жоғары жылдамдықты оптикалық байланысқа көшірілді. 130 км оптикалық желі және 3000 оптикалық порт салынды. Орал қаласының Ақжайық шағын ауданы, Жымпиты және Тасқала аудан орталықтарына GPON технологиясы арқылы оптика жүргізілді.

2026 жылға 9 аудан орталығында қосымша 246 км оптикалық желі және 8368 порт салу жоспарлануда. Бұл елді мекендерде мыс желіде отырған 1718 қолданыстағы абонентті оптикалық желіге көшіру көзделген.

«Тазарту» жобасы бойынша БҚО-да 6000 абонентті мыс желіден оптикалық желіге көшіру жоспарланған (Орал қаласында – 3000 абонент, ауылдық елді мекендерде – 3000 абонент).

Сонымен қатар, 2025 жылы облыстағы байланыс сымдары ілінген 620 ағаш тірек ауыстырылып, 2026 жылға  813 ағаш тіректерді темір-бетон тіректеріне ауыстыру жоспарлануда (Орал қаласында – 280 тірек және ауылдарда 533 тірек).

Сондай-ақ, Өңіріміздің ірі операторлары (Қазақтелеком, Транстелеком, Jusan Mobile) сымды және сымсыз технологияларды пайдалана отырып, дилерлік желі жұмыстарын жүргізуде.

Мысалы, Орал қаласының жеке секторлары (саяжайларды қоса алғанда), Теректі ауданы Подстепное және Жарқын, Сырым ауданы Жымпиты, Бәйтерек ауданы Мичурин және Жером ауылдарын интернетпен қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығында операторлар Батыс Қазақстан Электржелілік Тарату компаниясымен бірлесіп электр бағаналарын қолдану арқылы жұмыстар жүргізуде.

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы

Ұлттық жоба аясында 2027 жылға дейін 220 ауылдық елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарлануда. Оның ішінде 24 ауылға (Бөрлі ауданы Жаңақоныс және Данилякөл, Жаңақала ауданы Салтанат, Жәнібек ауданы Таловка және Майтөбек, Бәйтерек ауданы Аманат, Казталов ауданы Сексенбаев, Кішкенеталдықұдық, Жас, Талдыапан, Бестерек, Талдықұдық, Хайруш және Мереке, Бөкейорда ауданы Кеной, Сырым ауданы Саралжын, Тасқұдық, Аңқаты және Қарағанды, Тасқала ауданы Қалмақшабын, Өркен және Ерсары, Шыңғырлау ауданы Қызылкүл және Сегізсай ауылдары) «Қазақтелеком» АҚ «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп «Starlink» спутниктік терминалдарын орнатты.

Сонымен қатар, халық саны 50-ден төмен ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін 2025 жылы «Jusan Mobile» АҚ-мен 24 ауылға (Ақжайық ауданы Жолап ауылы, Бөрлі ауданы Бақтыарал, Бесағаш, Утвинка, Жәнібек ауданы Көлтабан ауылы, Бәйтерек ауданы Забродино, Балабанова, Тыңдала, Богатск, Сырым ауданы Қарақұдық ауылы, Теректі ауданы Сатымшеген, Рыбцех, Қабылтөбе, Сарсенов, Придорожный, Күтсиық, Тасқала ауданы Ақкүтір, Жігер, Аққайнар, Еменжар, Талдыбұлақ және Шыңғырлау ауданы Ұрысай, Аққұдық пен Талдысай ауылдары) OneWeb спутниктік терминалдары орнатылды. Ағымдағы жылы қосымша халық саны 20-дан төмен 8 ауылға (Бәйтерек ауданы Чапурин, Таловая және Астафьево,Тасқала ауданы Қызылбас және Қараой, Шыңғырлау ауданы Жеңішке, Құтантал және Торыатбас ауылдары) OneWeb спутниктік терминалдары орнатылды.

Сондай-ақ, 123 ауылдық елді мекенді (80 негізгі, 43 қосымша) үй шаруашылықтарына дейін Интернеттің «соңғы милін» субсидиялау арқылы Интернетпен қамтамасыз ету үшін ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне ұсыныс жолданды.

Ұлттық жобаның облыс орталықтарын 5G технологиясында мобильді интернетпен қамтамасыз ету іс-шарасы аясында, Кселл байланыс операторы Орал қаласында бесінші буынды 90 базалық станциясын орнатты. 2026 жылы қосымша 6 бесінші буындағы базалық станцияларды орнату жоспарлануда.

Республикалық автокөлік жолдарын мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету іс-шарасы аясында облысымызда 7 антенна-діңгек құрылғысын салуға жобалық-сметалық құжаттамаларына сараптама жасалып, 2026 жылы құрылысын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, 2026-2027 жылдары ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі инвестор тарапынан облыстық автокөлік жолдарына антенна-діңгек құрылғысын салып, төртінші буынды мобильді интернет желісімен қамту жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.

2026 жылдың 1-ші тоқсанында 1 028 490  қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

-       көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 708 (0,1%),

-       мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 11 900 (1,2%),

-       көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 680 630 (66,2%),

-       көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 410 698 (35,3%) .

Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 40 443

-       www.egov.kz портал арқылы – 34 074

-       www.elicense.kz порталы – 4 886

-       Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 1 483 

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 38 589

-       ИСС – 1238

-       ИС Е-Собес – 10 545

-       ИС Рынок труда – 675

-       E-Qazyna.kz – 50

 

-       ИС Жилищная помощь - 268

-       «Электронная биржа труда» /енбек кз – 19 068

-       Социальная помощь – 211

-       Gosagro.kz – 5 316

-       Baspana market – 145.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 109, оған

3790 тұрғын тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 9 адам өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы

8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 31 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Документы
Ереже
06 февраля 2023
Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы
«Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы