Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы ақпарат

  

2025 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бюджеттен 56,6 млрд. теңге қаржы бөлінді, бұл өткен жылғыдан 1,2 есе артық (2024 жылы – 46,3 млрд. теңге).

2025 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметтер 319,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,8%-ды құрады. Соның ішінде өсімдік шаруашылығында 103,4%, мал шаруашылығында – 102,4%.

Өткен жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы саласына 59,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 есеге жоғары.

Осы кезеңде облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 49,7 млрд. теңгеге кредиттік ресурстар тартылып, оның 15,4 млрд. теңгесіне 1 784 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар лизингке сатып алынды.

 

Өсімдік шаруашылығы.

2025 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 638 мың га құрады, соның ішінде дәнді дақылдар 288,7 мың га (соның ішінде күздік дәнді дақылдар 90,0 мың га), майлы дақылдар – 137 мың га, картоп, көкөніс-бақша дақылдары – 4,1 мың га, мал азықтық дақылдар – 208,8 мың га құрады.

Облыста егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру аясында соңғы жылдары неғұрлым маржиналды әрі экономикалық тұрғыдан тиімді бағыттар болып саналатын бұршақ және майлы дақылдардың егіс көлемі ұлғайып келеді. Нәтижесінде, тек соңғы бір жылдың өзінде дәнді дақылдардың егіс көлемі 1,9 есеге артты, ал ноқат – 2,4 есеге, жасымық – 1,6 есеге көбейді, ал майлы дақылдардың егіс алқабы 33,4 %-ға ұлғайды.

Жалпы 285,3 мың га дәнді дақылдар алқабынан 12,8 ц/га орташа өнімділікпен 365 мың тонна астық жиналды, 128 мың га майлы дақылдар алқабынан, 7,8 ц/га орташа өнімділігі 99,6 мың тонна өнім жиналды.

Сонымен қатар, 216,7 ц/га орташа өнімділікпен 39,0 мың тонна картоп, 155,6 ц/га орташа өнімділікпен 22,4 мың тонна көкөніс, 304,3 ц/га орташа өнімділікпен 21,3 мың тонна бақша өнімдері жиналды.

Облыста картоп, көкөніс сақтауға арналған сыйымдылығы 62,3 мың тонналық 35 қойма бар, соның ішінде 28 қойма заманауи құрылғылармен жабдықталған сыйымдылығы 60,9 мың тонна.

Облыста жалпы ауданы 236 мың шаршы метрді құрайтын
48 жылыжай (фермерлік және өнеркәсіптік) бар, соның ішінде 2 заманауи өнеркәсіптік жылыжай «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС және «WorldGreen Company» ЖШС-нің «Бәйтерек» жылыжай кешені жұмыс істейді.

 

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығында ағымдағы жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара 1 024,1 мың басты (110,7%), жылқы – 330,0 мың басты (106,5%), құс – 1 239,2 мың басты құрап (111,8%), қой – 1 222,9 мың басты (103,9%), ешкі – 172,4 мың (102,5%) басты құрап өссе, түйе – 2,6 мың басты (98,5%), шошқа – 10,3 мың (95,9%) басты  құрап, өткен жылғы деңгейінен кеміп отыр.

Мал шаруашылығы саласында 2025 жылы 106,2 мың тонна (102,3%) тірілей салмақта мал және құс еті, барлық шаруашылықтар бойынша 214,1 мың тонна (102,9%) сүт, 133,7 млн. дана (94%) жұмыртқа өндірілді.

Асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларының мемлекеттік тіркелімде 146,3 мың бас ірі қара малы, 76,1 мың бас қой, 6,7 мың бас жылқы, 258 бас түйе тіркелген. Асыл тұқымды мал басының жалпы мал

басындағы үлесі ІҚМ – 16,3%, қой – 6,8%, жылқы – 2,1% және түйе 9,9% құрайды.

 

Мал азығын дайындау

2025-2026 жылдың мал қыстағына малды азықпен қамтамасыз ету үшін 2 315,1 мың тонна шөп дайындау жоспарланып отыр. 2025 жылдың мал азығын дайындау қорытындысы бойынша өткен жылдан қалған шөпті қоса есептегенде барлығы 2 403,4 мың тонна шөп дайындалды, бұл қажеттіліктің 103,8% құрап отыр.

 

Ауыл аманаты

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары облысымызға 8,9 млрд. теңге бюджеттік кредит бөлініп, берілген 1 260 шағын несие бойынша 1 535 жаңа жұмыс орындары құрылды, бөлінген қаржы көлемдері толығымен игерілді.

Үстіміздегі жылы 5,5 млрд. теңге қаржы көлеміне 815 адамға шағын несие беру арқылы 886 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

ҚР ҰЭМ бекіткен лимитке сәйкес өңірімізге 559 микрокредит аясында 559 жұмыс орнын құру туралы келісім шарт жасалып, бүгінгі күнге қаралған қаржының 100%-ы (5,5 млрд. теңге) бөлініп, 1146,0 млн. теңгеге 104 несие берілді.

 

СҚО тәжірибесі

Агрөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларға кредит беру (СҚО тәжірибесін тираждау) бағдарламасы шеңберінде 2023 -2024 жылдары 11 млрд. теңге қаржы бөлініп, жалпы қуаттылығы жылына 13,8 мың тонна сүт өндіретін заманауи тауарлы сүт фермаларының құрылыс бойынша 5 жоба, ауданы 200 га суармалы жер енгізу бойынша және сыйымдылығы 2,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасын салу бойынша жобалар қаржыландырылды.

Күні бүгінге 3 тауарлы сүт іске қосылған болса, 2 жоба ағымдағы жылы іске қосылады деп күтілуде, суармалы жерді еңгізу бойынша жоба іске асырылса, көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жобасы бойынша, инвестор міндеттемелерін орындамауына байланысты, несие қаражатын қайтару бойынша сот шешімі шықты.

2025 жылы Бағдарлама аясында республикалық бюджеттен жоспарланған 10,0 млрд. теңгенің 5,3 млрд теңгесі бөлініп 7 жоба қаржыландырылды. Осыған қоса, жергілікті бюджет есебінен 3,0 млрд. теңге бөлініп, суармалы жерлерді және басқа да жобалар қаржыландырылды.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында статистикалық деректер бойынша 115 264,0 млн. теңгеге (НКИ – 100,5%) тағамдық өнімдер өндірілген.

2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 6 560 тонна ет қалбырлары (147,9%), 11 352 тонна рафинадталған және рафинадталмаған өсімдік майы (116,5%), 26 047 тонна нан өнімдері (103,5%), 579 тонна жарма, ірі тартылған ұн (355,4%), 12 059 тонна шұжық өнімдері (115,3%), 12 709 тонна қайта өңделген сүт пен кілегей (141,6%), 2 396 тонна балық қалбырлары (110,0%), 207 тонна сары май (105,1%), 303 тонна ірімшік пен сүзбе (109,7%), 4 216 тонна ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер (105,7%), 1 228 тонна өзге сүт өнімдері (309,3%) өндіріліп, өндіріс көлемдерінің өсуіне әсерін тигізді.

Осы кезеңде Ресей Федерациясынан ұқсас өнімдердің төмен бағамен келуіне байланысты 14 722 тонна ет және тағамдық субпродуктілер (81,6%), 96 934 тонна ұн (90,7%), 20 057 тонна макарон өнімдері (92,9%) өндірісі көлемінің төмендеуі байқалады. Өнім өндірісінінің көлемін арттыру мақсатында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

 

Инвестициялық жобалар

Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2025-2027 жылдарға 68,1 млрд. теңгеге 54 инвестициядық жоба пулы қалыптастырылды, соның ішінде 2025 жылы 12,2 млрд. теңгеге 15 жоба жүзеге асырылды.

  • «Төлеңгіт» ШҚ - сүт тауарлы фермасын кеңейту, 2400 тонна сүт жылына (1,6 млрд. теңге);
  • «Amaner IZI» ЖШС – 210 га суармалы жер учаскесін құру (250 млн. теңге).
  • «Саламатова Ф» ЖК - бордақылау алаңын салу 3000 бас (1,0 млрд. теңге).
  • «Ақназар Жайық» ЖШС - 400 га суармалы жер учаскесін құру (696,0 млн. теңге);
  • «Жасыл 2» ЖШС – 200 га суармалы жер учаскесін құру (180,0 млн. теңге);
  • «КТК888» ЖШС – сүт тауарлы фермасын салу, 2400 тонна сүт жылына (4,7 млрд. теңге);
  • «Агрокомплекс Арсен» ЖШС - 600 га суармалы жер учаскесін құру (240,0 млн. теңге);
  • «Донгелек» ШҚ – 100 га суармалы жер учаскесін құру (600,0 млн. теңге);
  • «Болашақ» ШҚ - бордақылау алаңын салу 500 бас (45,5 млн. теңге);
  • «Мұрат» ШҚ - бордақылау алаңын кеңейту 500 бас (50,0 млн. теңге);
  • «Алмагамбетов» ШҚ - бордақылау алаңын салу 1000 бас (300,0 млн. теңге);
  • «Amaner IZI» ЖШС - бордақылау алаңын кеңейту 5000 бас (1,3 млрд. теңге);
  • «Everest» ЖШС - 400 га суармалы жер учаскесін құру (300,0 млн. теңге);
  • «Жана Жер» ШҚ - 607 га суармалы жер учаскесін құру (500,0 млн. теңге);
  • «Сабит» ШҚ – 160 га суармалы жер учаскесін құру (500,0 млн. теңге).

 

Документы
Шешім
01 июля 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссияның ШЕШІМІ:
Кесте
01 июля 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ
Шешім
01 июля 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығы
Конкурстық комиссия
Конкурстық комиссиясының ШЕШІМІ
Медиагалерея
События
14 августа
2020 жылғы 14 тамызда сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының қатысуымен интернет-конференциясы өтеді.
18 сентября
Ашы0 диалог порталында сауалнама
20 марта
Қала тұрғындары мен қонақтарын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы кооперациясы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімі
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы, астық және тұқым инспекция бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Сұрақ: Арнайы техникаларды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу үшін қайда жолығу керек?

Жауап: Жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өту туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш беру қажет. Қажетті құжаттар: машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт).


Арнайы техниканы (тракторларды, өздігінен жүретін машиналарды, ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс машиналарын) жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет шеңберінде жүргізіледі.
Техникалық тексеруден өту үшін қайда жергілікті атқарушы органдар:
* Ауданның немесе қаланың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдеріне хабарласыңыз.
Техникалық тексеруден өту үшін өту үшін қайда жүгіну керек?
Жергілікті атқарушы органдар:
1. Белгіленген нысан бойынша өтініш;
2. Машинаға тіркеу құжаты (техникалық паспорт);
Қызмет көрсету мерзімі:
* Тікелей жүгінген кезде-10 жұмыс күні ішінде;
* Машиналарды тіркеу пунктіне ұсынған кезде-2 жұмыс күні ішінде.
Қызмет құны: Тегін.


Сілтеме НҚА: 

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығы.

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы