
Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2025 жылдың 11 айында 342,2 млрд. теңгені құрады (2025 жылға арналған жоспар – 365 млрд. теңге). Жоспар бойынша өсу 3,5% болғанмен, нақты өсу 15,2%-ды құрады, бұл дайын металл бұйымдары 3,9 есе, жеңіл өнеркәсіп саласы 2 есе және мұнай өңдеу саласы 1,9 есе өсу есебінен орындалды.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесі келесі салаларға тиесілі:
- тамақ өнімдерін өндіру - 30,4%;
- мұнай өңдеу саласы - 22,2%;
- машина жасау саласы - 18,7%;
- дайын металл бұйымдарын өндіру - 9,2%;
- металлургия өндірісі - 5,6%.
Бұл салада 592 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 9 ірі, 17 орта және 566 шағын кәсіпорын бар.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс өсімін қамтамасыз ету және 2025 жылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ағымдағы жылы жалпы сомасы 9,4 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылды.
Бұл жобалар – қоспа өнімдер шығаратын зауыт құрылысы, құрғақ қоспалар өндірісі, химиялық заттар өндірісі (антифриз, ұнтақ, сабын және т.б.) және алюминий сымдарын өндіру.
Бұдан басқа, өндіріс көлемінің өсуіне жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында жаңғырту (модернизация) жүргізу және өнім түрлерін кеңейту ықпал ететін болады:
- «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС қаптамалық және сорғы-компрессорлық муфталарды өндіру бойынша жобаны іске асыруда;
- «Батыс мұнай газ жабдықтары» ЖШС-де шарлы крандарды (су, газ үшін) дайындау цехы іске қосылды. Сондай-ақ, кәсіпорын базасында кадрлар даярлау үшін оқу орталығы ашылды;
- «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС газ құбырларына, су құбырларына және кәріз жүйелеріне арналған диаметрі 1600 мм-ге дейінгі үш қабатты құбырлар өндіруге арналған жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде;
- «Стекло-Сервис» ЖШС базасында «ADVANCE 526» сандық бағдарламалық басқаруы бар әмбебап тік орталығы іске қосылды. Сондай-ақ, шыны өңдеуге арналған «Master One» үлгісіндегі сандық бағдарламалық басқаруы бар өңдеу орталығы іске қосылды.
2026-2030 жылдары жалпы сомасы 1,8 трлн. теңгеге 25 жобаны іске асыру және 6012 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
2025 жылы іске қосылатын жобаларды жүзеге асыру үшін келесідей қолдау шаралары көрсетілді:
- «Ural Electric» ЖШС-не алюминий сымдарын өндіру жобасын іске асыру үшін «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арқылы гранттық қаржыландыру мәселесі шешілді;
- «Bilgili Group» ЖШС-не химиялық заттар өндіру жобасын іске асыру үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 1 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру мәселесі шешілді;
- «Бриг COMPANI» ЖШС-не (құрғақ қоспалар өндірісі) «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ арқылы жер учаскесі бөлінді.
Кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында ірі жер қойнауын пайдаланушылармен тұрақты негізде кездесулер өткізіліп тұрады.
Облыс делегациясы Атырау қаласында машина жасауды дамыту жөніндегі форум аясында «North Caspian Operating company» компаниясымен кездесіп, «Уральскагрореммаш» АҚ-ы «North Caspian Operating company» компаниясына 2 бірлік арнайы автотехника жеткізуге шарт жасалды, тағы 6 бірлікті сатып алу жоспарда бар.
2025 жылдың сәуір айында КПО б.в. компаниясының қатысуымен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының форумы мен көрмесі өткізілді, оның барысында «Уральскагрореммаш» АҚ-мен сынақтан (пробациядан) өткізу үшін 1 өрт сөндіру техникасын жеткізуге шарт, сондай-ақ «West Oil» ЖШС-мен мұнай және газдың сапасы мен санын бақылау жүйелерін жеткізуге келісім жасалды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы облысқа «Kalamkas — Khazar Operating b.v.» ЖШС (Каламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеруге кіріседі), «КМГ Инжиниринг» ЖШС (2025 жылғы 18-20 ақпан) және «North Caspian Operating Company», ІМВ орталығы (2025 жылғы 28-30 сәуір) келді.
«North Caspian Operating Company» компаниясы «Функе Казахстан» ЖШС өндірген жылу алмастырғыштарды, «West Oil» ЖШС өндірген мұнай және газдың сапасы мен санын бақылау жүйелерін және «Уральскагрореммаш» АҚ өндірген арнайы автотехниканы сатып алуға қызығушылық танытты.