Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Инвестициялар

Инвестициялар

Облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2025 жылдың 11 айында 748,3 млрд. теңгені құрады, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға өскен.

Сыртқы және ішкі инвестициялар көлемін ұлғайту мақсатында облыс әкімдігі бизнесті дамытуға қолайлы орта құру және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар қабылдауда, диалог алаңдары құрылып, инвесторлармен кездесулер ұйымдастырылуда.

Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2025 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе көп. Облыс тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша республикада ірі қалалар Алматы мен Астана және Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі 4-орында тұр.

2025 жылы жалпы сомасы 32,4 млрд. теңге болатын 32 жоба іске қосылды.

Бұлар - құрама өнімдер шығаратын зауыт құрылысы, құрғақ қоспалар өндірісі, химиялық заттар (антифриз, ұнтақ, сабын және т.б.) өндірісі және алюминий сымдарын өндіру, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт залы, мәдени-спорт кешенінің құрылыс, көтерме-тарату орталығының құрылысы сияқты жобалар.

Соңғы жылдары облыста бірқатар жоғары технологиялық өндірістер ашылды, бұл батыс өңірдің нақты экономикалық әлеуетін көрсетеді, сондай-ақ инвесторларға тұрақтылықты және одан әрі экономикалық өсу мүмкіндіктерін дәлелдейді.

Ірі жобалардың ішінде Қарашығанақты кеңейту жобасын, сондай-ақ Сатимола кен орнында калий тыңайтқыштарын өндіру бойынша құны 1,5 трлн. теңге болатын ірі жобалардың бірін іске асыруды атап өтуге болады. Газ өңдеу кешенінің құрылысы жоспарлануда, оны іске қосу 2028 жылға жоспарланған.

ҚР Президентінің 2024 жылғы Жолдауында белгіленген тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің төмендеуіне жол бермеу жөніндегі міндеттерді орындау аясында облысқа шетелдік инвесторларды тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

2025 жылдың маусым және қазан айларында облыс әкімі бастаған Батыс Қазақстан облысы делегациясының Қытайға жұмыс сапары барысында 11 инвестормен жалпы сомасы 767,5 млрд. теңгеге 19 жаңа өндіріс орнын құру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Энергетика, машина жасау, медицина, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында келесі инвесторлармен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды: Vega Power, Foshan City Construction Engineering Co. Ltd, Chengtian Runkang Pharmaceutical, Гонконгтық халықаралық «Yino» компаниясы, Sunway Concept Limited, Beijing Debont Technology Co. Ltd.

Қытайлық инвестордың қатысуымен «Batys Power» ЖШС газ турбиналы электр станциясын 414 МВт-қа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.

«ZhaikPetroleum Ltd» ЖШС қытайлық «Foshan City Construction Engineering Co» компаниясының қатысуымен қуаттылығы жылына 130 мың тонна болатын «Метанол өндіру жөніндегі газ-химия кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру жұмыстарын бастады. Жобаны іске асырудың 2-ші кезеңінде жылына 40 млн. тонна аммиак және жылына 100 млн. тонна несепнәр (мочевина) өндіруді игеру жоспарлануда. Айта кету керек, бұл жоба Индустрияландырудың Бірыңғай картасына енгізілген.

Vega Power газ турбиналы электр станциясының құрылысы бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жер учаскесін беру мәселесі мақұлданды.

Сонымен бірге облыс делегациясының Қытайға сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Қытайдағы ҚР Елшілігінің қолдауымен облыстың Қытайдағы, атап айтқанда Бейжің және Нанкин қалаларындағы өкілдіктері ашылды.

Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау, проблемалық мәселелерді қарау, оларды шешу бойынша қолдау көрсету және шаралар қабылдау мақсатында жыл басынан бері инвестициялық штабтың 15 отырысы өткізіліп, 12 жоба бойынша проблемалық мәселелерді шешуге қолдау көрсетілді.

Қабылданып жатқан шаралар негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, салық салу базасын арттыруға және облыс азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Документы
Ақпарат
09 февраля 2026
Өнеркәсіп және инвестициялар бөлімі
Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарының 2026 жылға жылдық кестесі
Ақпарат
19 сентября 2025
Өнеркәсіп және инвестициялар бөлімі
БҚО өңірлік инвестициялық штабының отырыстар кестесі
Анықтама
30 сентября 2020
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
Негізгі капиталға инвестициялар бойынша анықтама
Новости
Полезные материалы
Инвестициялар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Өнеркәсіп және инвестициялар бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы