Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Спорт

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАЛАРЫНЫҢ 2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Бұқаралық спортты дамыту

2026 жылдың І жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт саласында халықты бұқаралық спортпен қамту, жоғары жетістіктер спортын дамыту, спорттық инфрақұрылымды тиімді пайдалану және саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 294 830 адамды құрап, облыс халқының 42,4 пайызын қамтып отыр. Бұл көрсеткіш тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

2026 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын халықтың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың үлесін арттыруға, сондай-ақ оқушылар мен студенттер арасында спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар жалғасын тапты. Есепті кезеңде 82 677 адамның қатысуымен барлығы 1 443 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Оның ішінде 19-ы республикалық, 99-ы облыстық деңгейде ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде республикалық деңгейдегі бірқатар маңызды жарыстар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді. Атап айтқанда:

  • жасөспірімдер арасындағы таэквондодан ҚР чемпионаты;
  • бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты;
  • волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының XXXIV чемпионаты;
  • муайтайдан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты;
  • құсбегіліктен (саятшылық) ересектер арасындағы XIX Қазақстан Республикасы чемпионаты;
  • Әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Тастайұлы Шайхиевті еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық дзюдо турнирі;
  • есту органдары зақымданған спортшылар арасында сурдлимпиадалық бадминтоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты;
  • дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты;
  • волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасы чемпионатының І кезеңі.

Сонымен қатар мамыр айында облыстық Халық спорты ойындары ұйымдастырылып, маусым айында республикалық VIII Халық спорты ойындары өткізілді. Аталған кешенді жарыстарда Батыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары нәтижелер көрсетіп, өңір спортының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Облыстың аудан-қалаларында да бұқаралық спортты дамытуға бағытталған түрлі деңгейдегі жарыстар тұрақты түрде өткізілуде. Атап айтқанда, аудандарда ауыр атлетикадан 2011 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының ашық жеке чемпионаты, тоғызқұмалақтан балалар мен кіші жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты, сондай-ақ гір спортынан жасөспірімдер, жастар, қыздар және ардагерлер арасындағы облыс чемпионаты ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде салалық бағдарламалардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізілуде. «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы туралы ай сайынғы есептер әзірленіп, облыстың стратегия және экономикалық даму басқармасына жолданып отыр.

Сонымен қатар ведомствоға қарасты спорт ұйымдарында есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы бағыттағы атқарылған іс-шаралар бойынша ақпараттар жинақталып, тиісті анықтамалар дайындалды. Ұлттық спорт түрлерін дамыту, спартакиадалар өткізу және бұқаралық спортты насихаттау жөніндегі іс – шаралар уақытылы жүргізілуде.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған азаматтарды дене шынықтырумен қамту мақсатында спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу жоспары әзірленіп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жоғары жетістіктер спортын дамыту

Жоғары жетістіктер спортын дамыту және спорт резервін даярлау бағытында облыстағы 22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 14 150 жас спортшы жаттығуда. Спорт мектептерінде 56 спорт түрі бойынша оқу-жаттығу үдерісі ұйымдастырылған.

2026 жылдың І жартыжылдығында облыс спортшылары ресми республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы есепті кезеңде 615 медаль жеңіп алынды. Оның ішінде 222 алтын, 169 күміс және 224 қола медаль бар.

Медальдардың бөлінісі төмендегідей:

  • Қазақстан Республикасы чемпионаттарында – 257 медаль;
  • Азия чемпионаттарында – 79 медаль;
  • Әлем чемпионаттарында – 10 медаль;
  • халықаралық жарыстарда – 64 медаль;
  • республикалық турнирлерде – 118 медаль.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың І жартыжылдығында облыстың дене шынықтыру және спорт саласында бұқаралық спортты дамыту, жоғары жетістіктер спортын қолдау, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу, сондай-ақ тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Жылдың ІІ жартыжылдығында саланы одан әрі дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру, спорттық инфрақұрылымды тиімді пайдалану және халықаралық ареналарда облыс спортшыларының нәтижелерін арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Спорт федерацияларының қызметі

2026 жылдың І жартыжылдығында облыста спорт федерацияларының қызметін жетілдіру, олардың басқару тиімділігін арттыру және спорт түрлерін одан әрі дамыту мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілді.

Есепті кезеңде 7 облыстық спорт федерациясының басшылық құрамы жаңартылып, жаңа президенттер сайланды. Атап айтқанда, шахмат, садақ ату және дартс, семсерлесу, WKF каратэ, жеңіл атлетика, бокс және күрес түрлері федерацияларына жаңа басшылар тағайындалды.

Федерациялар құрамының жаңартылуы спорт түрлерін дамыту, өңірдегі спортшыларды қолдау, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, спорт резервін даярлау сапасын арттыру, демеушілерді тарту және республикалық әрі халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Сонымен қатар, есепті кезеңде облыстық спорт федерацияларының қызметін үйлестіру, олардың жұмыс тиімділігін арттыру және мемлекеттік спорт саясатын іске асыру мақсатында тұрақты түрде жұмыс кездесулері өткізіліп, өзекті мәселелер қаралды.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Қазақстан Республикасы "Спорт күні" кәсіби мерекесіне орай, "Жайық жағасындағы жаттығу" атты көпшілік кешкі жаттығу
События
19 декабря
Асық атудан және бес асықтан онлайн чемпионаты
12 марта
ОРАЛДА «ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТЕДІ
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы