Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық жүйесі

Жоба туралы

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдардың геопорталын құру жұмыстары жүзеге асырылуда.

2019 жылы Батыс Қазақстан облысының геопорталы әзірленіп енгізілген болатын.

Қазіргі уақытта ресурс https://map.e-batys.kz/ мекенжайында орналастырылған.

Геопорталдың  құру мақсаты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ бизнес өкілдері үшін жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізу және салалар бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру болып табылады.

Аталған геопорталда ауыл шаруашылық және коммерциялық мақсатындағы сауда-саттық арқылы берілуі жоспарланған бос және берілген жер учаскелерінің схемалары, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте тұрғандар адамдардын тізімі, бос және берілген кен орындары, орман, су қорының объектілері, гидротехникалық құрылыстар мен магистралдық құбырлар, автокөлік және темір жолдары, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, кәріз, электр, газ және жылумен жабдықтау), ауыл шаруашылығы алқаптары, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және туризм объектілері, сонымен қатар егжей-тегжейлі жобалары, Бас жоспарлар  орнатылды.

Сонымен қатар, геоақпараттық портал арқылы жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік кызметтерді электрондық түрде көрсету үшін бизнес-процестері автоматтандырылды.

Сонымен қатар, автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің саны (100%), геоақпараттық қабаттардың болуы (100%), бас жоспарлардың цифрландыруы (100%), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалардың  цифрландыруы (100%), бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрымен интеграциялау жұмыстары 100%, жалпы геопорталдардың дайындығы 100% құрап отыр.

Геопортал Жер ресурстарын жедел басқаруға мүмкіндік береді, азаматтар мен ұйымдардың оның ақпараттық ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір төмендету, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмау.