Арнайы комиссия өз жұмысын бастады

Өздеріңізге белгілі, былтыр өңірімізде кезінде ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жерлерге қатысты үлкен мәселе туындаған болатын.
Осы сұрақ жергілікті деңгейде, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, мәслихат депутаттарымен де бірнеше рет қаралып, республикалық деңгейде де қаралып, бүгінгі күні осы шаруа қожалықтарына берілген жер учаскелерін заңдастыру мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылды.
Арнайы комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері кіргізіліп, комиссия аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып жер учаскелерінің тізбесін қалыптастырып, берілген жерлерді заңдастыруға қатысты шешім қабылдайтын болады.
23 мамырда осы арнайы комиссияның алғашқы отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
Қорытынды шешімдер туралы БАҚ беттерінде мәліметтер беріп отыратын боламыз.