Мал қыстағы маусымының өту барысы бойынша кеңес

Мал қыстағы маусымының өту барысы бойынша кеңес

Басқарма жүйелі түрде аудандық жер қатынастары бөлімдерімен ақпараттық-кеңес беру, тәжірібиемен алмасу бағытында жұмыстар жүргізіп отырады.

Кеше Бәйтерек және Теректі аудандарында мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы Ашықпаев Жуматай Иманғалиұлы мамандармен, әкімдік қызметкерлерімен кездесіп, тиісті кеңестер өткізді.

Кездесу кезінде жер қатынастары, мал қыстағын дайындау, жерлерді мемлекет меншігіне қайтару сияқты сұрақтар көтерілді.

Мысалы, Бәйтерек және Теректі аудандар аумағында 2023-2024 жылдарға мал қыстағы науқанын өткізу бойынша штаб отырысы өтті. Штаб отырысында хабарлама жасалып сұрақтарға жауап берілді.

Өз кезегінде облыстық штабтың мүшелеріде сөз алып мал қыстағы бойынша тиісті тапсырмалармен ұсыныстар берілді.