Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды.

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды.

Тұрғындарды толғандыратын мәселелерін анықтау және оларды шешу мақсатымен құрылған азаматтарды қабылдау орталығында облыстық басқармалардың құзыреті шеңберінде кеңестер беріліп, облыс әкімімен, орынбасарларымен, барлық облыстық басқарма басшылары мен орынбасарларымен және аумақтық департамент басшыларымен бірыңғай кестеге сәйкес алдын-ала жазу арқылы жеке қабылдаулар жүргізілетін болады. Сондай-ақ, аталған орталықта БҚО жер қатынастары басқармасының қызметкерлері кеңес береді.

Азаматтарды қабылдау орталығының мекенжайы Орал қаласы Сарайшық көшесі, 47.