Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық жүйесі туралы

Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық жүйесі туралы

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылы Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасымен БҚО-ның геопорталы әзірленіп, кезең-кезеңімен енгізілді. Қазіргі уақытта ресурс https://zko.smartgeohub.kz/ мекенжайы бойынша орналастырылған.

Геопорталда Орал қаласының қолданыстағы порталдарына барлық сілтемелер бар.

Геоақпараттық портал екі модульден тұрады: мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған модуль және геопортал.

Геопорталда 62 тақырыптық қабат жарияланып, оның құрамында аумақтық объектілердің шекаралары, жер учаскелері, ғимараттардын мекен-жайлары, тау-кен бөлігі, жер, орман, су қорының объектілері, гидротехникалық құрылыстар мен магистральдық құбырлар, автомобиль және темір жолдары, салалық тізілімдер және басқалар.

Сонымен қатар тақырыптық қабаттардың атрибутивтік және географиялық деректерін өзектендіру құралдары енгізілді.

2019 жылдың қараша айында геопортал ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне тест пен сынақтан өтті. Желтоқсан айында ҚР ҰҚК «МТҚ» РМК-дан геопорталдың сынақтан сәтті өткендігі туралы жауап хат алынды.

Ұшқышсыз ұшу аппаратын көмегімен Орал қаласының барлық аумағында далалық аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жоғары ажыратымдылығы бар ортофотоплан алынды.

Ағымдағы жылы геопортал салалық деректермен толықтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аэрофототүсірілім деректерін жариялау жүзеге асырылды. Жер учаскелері бойынша мемлекеттік жер кадастры  автоматандырылған ақпараттық жүйесінің деректері алынып және жарияланды, аэрофотүсірілім деректерінің негізінде жер учаскелеріне түзетулер жүргізілді.

Бұдан басқа, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің бекітілген шекаралары, жер қойнауын пайдалану объектілері (әзірленетін және бос кен орындары), ауыл шаруашылығы алқаптары, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және туризм объектілері бойынша инженерлік желілеріне (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, газбен және жылумен жабдықтау) бойынша деректер өңделіп, жарияланды.

Сондай-ақ, әр түрлі кезеңдегі ғарыштық суреттер негізінде жеке тұрғын үйге бөлінген, егістік және жер қойнауын пайдаланушылардың учаскелерін пайдаланудын геоналогиялық мониторингінің құралдары енгізілді.

Мемлекеттік қызметтердің 18 бизнес-процестері автоматтандырылып, сонымен қатар жер қатынастары саласындағы 7 функцияны автоматтандыру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында SmartBridge платформасы арқылы сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялауға өтінімдер жолданды, ол 2020 жылдың ақпан айында іске қосылды. SmartBridge Эстония тәжірибесіне негізделген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен әзірленген және интеграциялық процестер кезінде мемлекеттік органдар арасындағы бюрократияны жоюға, жүйелерді бір-біріне қосу құнын төмендетуге және жаңа қызметтерді құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 18 мемлекеттік қызметті тестілеу жүргізілді, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері қосылды, оларды оқыту енгізілді және кіріс салалық мәліметтерді өңдеуге арналған геоаналитикалық құралдар енгізілді.

Ағымдағы жылдың 29 мамырында мемлекеттік органдардың қызметкерлері геопорталда жұмыс бойынша оқудан өтті.

Қазіргі уақытта геоақпараттық порталда мемлекеттік қызметтерді тәжірибелік пайдалану жүргізілуде.

Геоақпараттық порталды электрондық үкімет құрамдас бөліктерімен және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік деректер қорымен интеграциялық өзара әрекеттестікті сәтті енгізу және тестілеуден кейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда. Енгізуге беру мерзімі 2020 жылдың қыркүйек айының соңына жоспарланған.