Құттықтау

БҚО жер қатынастары басқармасы ұжымының атынан барша қазақстандықтарды келе жатқан 7 мамыр - Отан қорғаушы күні және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекелермен құттықтаймын!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болсын! Бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілеймін.
Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!
Басқарма басшысының м.а. Ашықпаев Жұматай Иманғалиұлы