"Ана тілім – арым" атты байқауына қатысқаны үшін алғыс хат

"Ана тілім – арым" атты байқауына қатысқаны үшін алғыс хат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, туған тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында өткен "Ана тілім – арым" атты байқауына белсене қатысып, туған тіліміздің маңызын кеңінен насихаттауға жан-жақты үлес қосқаны үшін Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы Айнагүл Бақытқызы Баисова ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігі БҚО департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев пен Орал қаласының әкімі А.Шыныбековтың Алғыс хатымен марапатталды.

Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының ұжымы өз әріптесін осы марапатпен шын жүректен құттықтады.