ОБЛЫСТЫҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
24 желтоқсан күні облыс әкімдігінде өңірдегі пайдаланылмай жатырған ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланып, облыстың геоақпараттық порталы таныстырылды. Жиынға өңір басшысы Ғали Есқалиев арнайы қатысты.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында БҚО жер қатынастар басқармасы геоақпараттық портал құру бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Геопартал құрудың мақсаты жеке және заңды тұлғаларға, бизнес өкілдері үшін жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету және көрсетілген салаларда мемқызметті автоматтандыру болып табылады.