Жер мониторингі туралы пайдалы ақпарат.
🌱Жер мониторингі – жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуын жүйелі түрде бақылау. Ол жерді қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
🔹 Оның негізгі міндеттеріне топырақ жамылғысындағы өзгерістер туралы объективті әрі сенімді ақпарат алу, өңірлік және жергілікті деңгейде топырақтың жай-күйін бағалау, сондай-ақ жер алқаптарын қолайсыз өзгерістерден қорғау жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ғылыми негізделген деректер қорын қалыптастыру жатады.
Мониторингті тұрақты жүргізу жердің деградациясын уақтылы анықтауға, жағымсыз үдерістердің алдын алуға және жер қорын келешек ұрпақ үшін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.