Жер сапасын есепке алу туралы ақпарат.

Жарияланған күні: 03 маусым 2026
Жер сапасын есепке алу туралы ақпарат.

🌱 Жер сапасын есепке алу – жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың және топырақ құнарлылығын сақтаудың негізі.

Жер сапасын есепке алу жер ресурстарын зерттеуге, бағалауға, мониторинг жүргізуге және қалпына келтіруге бағытталған кешенді іс-шараларды қамтиды.

Негізгі жұмыс бағыттары:

✔️ жерлерді экономикалық бағалау және жер ресурстарының мониторингін жүргізу;

✔️ топырақтық, геоботаникалық және агрохимиялық зерттеулер жүргізу;

✔️ топырақты бонитеттеу және оның сапалық сипаттамаларын анықтау;

✔️ ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын анықтау;

✔️ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын дайындау;

✔️ бүлінген және тозған жерлерді қалпына келтіру бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау;

✔️ жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды жүргізу;

✔️ жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау (елді мекендер жерлерін қоспағанда).

Жер сапасын есепке алудың маңызы:

🔹 топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру;

🔹 жер ресурстарын ұтымды пайдалану;

🔹 жердің тозуы мен құнарсыздануының алдын алу;

🔹 экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

🔹 агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына жағдай жасау.

Жер сапасын сапалы есепке алу – тиімді жер пайдаланудың және елдің азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді негізі.