Жер пайдалану құқығы туралы ақпарат

Жарияланған күні: 01 маусым 2026
Жер пайдалану құқығы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасында жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады және: ✔️ тұрақты немесе уақытша; ✔️ иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын; ✔️ ақылы немесе ақысыз болуы мүмкін.

Жер пайдалану құқығы келесі жолдармен туындайды: ▪️ жер пайдалану құқығын беру; ▪️ жер пайдалану құқығын табыстау; ▪️ мұрагерлік немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру тәртібімен құқықтың ауысуы.

Жер пайдалану құқығының туындау негіздері:

🔹 мемлекеттік органдардың актілері; 🔹 азаматтық-құқықтық мәмілелер; 🔹 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер.

📍 Жер пайдалану құқығын беру жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде мемлекет арқылы жүзеге асырылады.

📍 Жер пайдалану құқығын табыстау жер пайдаланушылар арасында азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүргізіледі.

Білген жөн ❗️ Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жер учаскесі берілген сәттен бастап 5 жылдық жалдау мерзімі өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Мәміле жасалған жағдайда жер пайдаланушы 3 жұмыс күні ішінде жер учаскесі орналасқан жердегі уәкілетті органға мәміленің нөмірі мен күнін көрсете отырып хабарлауға міндетті.

📌 Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға беру: • жалдау шарты; • жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалану шарты негізінде жүзеге асырылады.

⚠️ Жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын табыстау немесе иеліктен шығару кезінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өз бетінше өзгертуге құқылы емес.