Жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту туралы ақпарат
Жер учаскесінің меншік иесі өзіне тиесілі жер учаскесіне жеке меншік құқығынан ерікті түрде бас тартуға құқылы. Ол үшін бұл туралы жария түрде мәлімдей алады.
Жеке меншік құқығынан бас тарту меншік иесінің нотариалды куәландырылған жазбаша өтініш беруі арқылы жүзеге асырылады. Мұндай өтініш берілгеннен кейін жер учаскесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке алынады.
Иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қойылған жер учаскесі коммуналдық меншікке берілгенге дейін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға уақытша жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.
Айта кету керек, меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту меншік иесін немесе жер пайдаланушыны тиісті құқық тоқтатылғанға дейін туындаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Жеке меншік жер учаскесінде уақытша жер пайдалану құқығынан немесе уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шарты немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шарты тоқтатылатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Жер учаскесіне меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тартуды рәсімдеу үшін алдымен нотариусқа жүгініп, тиісті өтінішті куәландыру қажет. Одан кейін қажетті құжаттарды жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға тапсыру керек.