Жайылымдар туралы.

Жарияланған күні: 04 қыркүйек 2024
Жайылымдар туралы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығымен Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспары бекітіліп,  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 34831 болып тіркелді.

Осы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар (бұдан әрі – Жоспар) «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының  6-бабының 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.

Бұл ретте, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 17-1-бабына сәйкес Жоспар жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар бекітілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленіп, бекітіледі.

Бүгінгі күні, аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдарымен Жоспарды әзіреу жұмыстары басталды.