Қытайдан келген инвесторларға 100 мың га ауыл шаруашылығы жерін беру жөніндегі ақпарат.

Жарияланған күні: 27 қараша 2023
Қытайдан келген инвесторларға 100 мың га ауыл шаруашылығы жерін беру жөніндегі ақпарат.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабына сәйкес шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге тыйым салынған.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді.